біздің кіші футбол шеберлері әлем чемпионатына жолдама алды
Жаманқұлов бастаған жампоздар жарап тұр. Кіші футболдан Колумбияда өтетін әлем чемпионатының жолдамасы сарапқа салынған қарымта кездесуде Қазақстан құрамасының жігіттері жасындай жарқырады. Польша футболшыларын 7:0 есебімен жеңген жігіттерді қалай мақтасақ та жарасады. Естеріңізге сала кетейік, Польша елінде өткен алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Сырт алаңда кем түспей, тең түскен қазақ футболшылары қарымта кездесуде польшалықтарға кіші футболдан «сабақ» берді десек болады. Алғашқы голды қақпашы Игита кездесудің екінші минутында салды. Арада үш минут өткен соң Серік Жаманқұлов Дінмұхамед Сүлейменовтің пасын ұтымды пайдаланып, есепті еселегені сол екен, бір минут өтер-өтпес уақытта Дуглас нәтижені үстемелей түсті. Ойынның он үшінші минутында Серік өзінің кездесудегі екінші голын соғып, есепті – 4:0-ге жеткізді, екі минуттан соң Дуглас та дубль авторы атанды. Кездесудің екінші бөлігіне Лео мен Кноуб бір-бір голды еншілеріне жазып, қорытынды нәтижені тіркеді. Есеп – 7:0. Қазақстан құрама командасы Колумбиядағы әлем чемпионатына қатысады.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




