Спорт және туризм
Чемпиондар лигасы: Луис Суарес «Барселонаға» жеңіс сыйлады
- author «Ақ жол»
- 6 сәуір, 2016
- 690
Чемпиондар лигасы: Луис Суарес «Барселонаға» жеңіс сыйлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында алғашқы кездесуін Мадриттің "Атлетико" командасымен өткізген «Барселона» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қос испандық команда арасындағы ойын "Камп Ноу" стадионында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Есепті «Атлетико» ашты. 25 минутта Фернандо Торрес командасын алға шығарған. Алайда 63 минутта Хорди Альба таразы басын теңестірді. 11 минуттан кейін Дани Алвес шығарған допты құлап барып, баспен соққан Луис Суарес "Атлетико" қақпашысы Ян Облакты қапыда қалдырды.
Айта кетейік, қарымта кездесу 13 сәуір күні Мадридте өтеді.
Сондай-ақ, Мюнхеннің "Бавария" командасы өз алаңында өткен ЧЛ-дің ¼ финалының алғашқы кездесуінде лиссабондық "Бенфиканы" 1:0 есебімен ұтып кетті. Кездесу "Альянц-Аренада" өтті. Бұл екі команданың қарымта кездесуі 13 сәуірде Лиссабондағы "Да Луш" стадионында өтеді.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




