Бір жеңіс, бір тең нәтиже
Жолдастық кездесулерде қазақ футболшылары жасындай жарқырады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы бас бапкердің міндетін атқарушы Талғат Байсуфиновтың жетекшілігімен екі бірдей жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойындарда ұлттық құрамаға қазақ футболшылары көбірек тартылды. Алдымен Әзірбайжан елімен өткен кездесуде алаш жұртшылығының үмітін ақтаған футбол шеберлері 1:0 есебімен басым түсті.
Орталық алаңда өрбіген кездесудің сегізінші минутында Мақсат Байжановтың әуедегі допты баспен қақпаға тура бағыттап әбжілдік танытқаны абырой болды. Байжанов соққан гол ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады. Бұдан соң Грузия еліне аттанған қазақстандық футболшылар «Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Вайсс баптайтын грузиялықтармен тең түсті. Алдымен ойынның 35-минутында Серікжан Мұжықовтан пас алған Азат Нұрғалиев есеп ашып, жанкүйерлерді бір желпінтіп тастаса, арада екі минут өткен соң Торнике Окриашвили таразы басын теңестірді. Нәтиже ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды. Бізді қуантқаны – қазақ жігіттерінің екі кездесуде де гол соққаны.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




