Астанада Fokker-100 ұшағын аман қондырған экипаж түгелдей мемлекеттік марапатқа ұсынылады

Астанада Fokker-100 ұшағын аман қондырған экипаж түгелдей мемлекеттік марапатқа ұсынылады
ашық дереккөз
Астанада Fokker-100 ұшағын аман қондырған экипаж түгелдей мемлекеттік марапатқа ұсынылады

Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің тапсырмасына орай, министрліктің кадрлар жөніндегі департаменті 2016 жылдың 27 наурызында  Астана халықаралық әуежайында апатты жағдайда Fokker-100 ұшағын аман-есен қондырған экипаж мүшелерін мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы ұсыным хат әзірлеуде.

Бұл туралы кадрлар жөніндегі департаменттің жетекшісі Марат Иғали мәлім етті. «Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің тапсырмасына орай, министрліктің кадрлар жөніндегі департаменті 2016 жылдың 27 наурызында  Астана халықаралық әуежайында апатты жағдайда Fokker-100 ұшағын аман-есен қондырған Fokker-100  әуе кемесінің экипаж мүшелерін ерлігі мен кәсібилігі үшін мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы ұсыным хат әзірлеуде.

Олар: 1) Родин Дмитрий Олегович, Fokker-100  әуе кемесінің командирі (31.08.1968); 2) Смеречанский Вадим Александрович, Fokker-100 әуе кемесінің екінші ұшқышы (06.01.1987); 3) Мүдәрісова Жадыра Аманжолқызы, аға бортсерік (10.09.1987); 4) Шестаков Александр Викторович, бортсерік (15.01.1988); 5) Ибрагимов Рустам Тұрсынұлы, бортсерік  (22.09.1978).  

Ұқсас жаңалықтар