Головкиннің келесі жекпе-жегі 26 шілдеде Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden (MSG) аренасында өтетіні белгілі болды. Жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді.
Головкиннің проумоутері Том Леффлердің айтуынша, әлемнің экс-чемпионы Дэниэл Гилдің өкілі Гэри Шоумен келіссөздер жүріп жатыр. Естеріңізде болса, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Головкинді австралиялық Джарод Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеген еді. Бұл шешімге Головкиннің командасы риза еместігін білдіріп, қауымдастық басшылығына Дэниэл Гилмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беру жөнінде өтініш жолдады. Том Леффлер 26 шілдеге жоспарланған жекпе-жектің өтетініне сенетінін айтты.
Головкин мен Гил арасында келіссөздер сәтті аяқталса, жекпе-жек MSG-нің 20 мың адамға арналған аренасында өтеді. Қазақстандық боксшының алдыңғы кездесулері Madison Square Garden-нің 5600 көрермен сыятын театрында өткен болатын.
Айта кетерлігі, Головкин екінші орта салмаққа ауысуға және осы салмақтағы боксшылармен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Боксшының командасы да бұл бастамаға қарсы емес. Геннадий Головкин 31 мамыр күні, WBA мен IBF біріктірілген Карл Фроч пен Джордж Гроувс жекпе-жегінің жеңімпазымен және осы дивизионның мықты боксшысы саналатын Андре Уордпен де жекпе-жекке шығуға әзір екенін айтуда.
Ақпарат көзі: www.alaman.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




