«Нұр Отан» партиясы парламенттік сайлауда сайлаушылардың 82,2% дауысына ие болды

«Нұр Отан» партиясы парламенттік сайлауда сайлаушылардың 82,2% дауысына ие болды
ашық дереккөз
«Нұр Отан» партиясы парламенттік сайлауда сайлаушылардың 82,2% дауысына ие болды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 7 пайыздық межеден көп дауыс жинаған үш партия арасында Парламент Мәжілісіндегі депутаттық мандаттарды бөлу туралы қаулы қабылдады.

Барлық облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық сайлау комиссияларының  мәліметтеріне сүйенсек, сайлауда тізімге енген  9 млн 810 мың сайлаушының 7 млн  966 мыңы дауыс берген. Соның ішінде, «Нұр Отан» партиясы үшін 6  млн 183 мың 757 адам (82,20 пайыз) дауыс берген.  Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін 540  406 (7,18 пайыз) адам дауыс берген.  «Ауыл» партиясы үшін 151 285 адам (2,01 пайыз) дауыс берген.  Қазақстан коммунистік халық партиясына 537  123 дауыс немесе 7,14 пайыз. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 88  813 адам дауыс (1,18 пайыз),  «Бірлік» саяси партиясына 21 484 (0,29 пайыз) адам дауыс берген.

«Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7 және одан көп пайыз дауысын жинаған үш партия, «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстан халық коммунистік партиясы» анықталып отыр.  Заңға сәйкес, осы үш партия Парламент Мәжілісіне өз кандидаттарын ұсынады. Бұл саяси партиялар арасында депутаттық мандаттар келесідей бөлінсін:

«Нұр Отан» партиясына  84 мандат;

«Ақ Жол» партиясына  7 мандат;

Қазақстан халық коммунистік партиясына -  7 мандат», - деп мәлім етті бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг барысында комиссия төрағасы Қуындық Тұрғанқұлов.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне сайланған депутаттардың аты-жөнін жария етті.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау нәтижесі белгіленсін және келесі депутаттар сайланған болып есептелсін: .

Сауытбек Абдрахманов  93,50%,  Владимир Божко - 94,58%, Наталья Жұмаділдаева - 92,95%, Роман Ким - 93,77%, Наринэ Микаелян - 91,6%, Ахмед Мурадов - 91,87%, Шаймардан Нурумов - 91,33%, Юрий Тимощенко - 92,41%, Шәкір Хахазов - 92,68% дауыспен депутаттыққа сайланды, - деп хабарлады Қ.Тұрғанқұлов.

ҚР ОСК төрағасы осы қаулыны қабылдай отырып, Орталық сайлау комиссиясы соңғы екі айға созылған елдегі сайлау науқанын аяқтағанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар