сондықтан бұл тауар Нарықта ең көп сұранысқа ие
Облыста негізінен қант қызылшасы, дәнді дақылдар, жүгері, картоп, жеміс, жүзім, көкөніс, бақша және майлы дақылдар өсіріледі. Ағымдағы жылдан бастап республика, оның ішінде облыс тұрғындарын отандық қант өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында осы дақылдар ішінен қант қызылшасын өндіруге ерекше көңіл бөлінуде. Облыстың табиғи климаттық жағдайына сай, суармалы жер көлемі жеткілікті болғандықтан, биыл 9500 гектар алқапқа «тәтті түбір» егу жоспарланып, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т. Рысқұлов және Шу аудандарына нақты тапсырма берілді. 2016 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарының айналым қаражатының тапшылығы ескеріліп, қант қызылшасы дақылына қажетті тұқымды сатып алу мақсатында облыстық бюджеттен 220 миллион теңге бөлінді. Осыған байланысты «ОртаАзиялық қант корпорациясы» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілді. Қант зауыттарынан алынған тұқымның құнына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері болашақтағы өнімінің есебінен есеп айырысатын болады. Облыс бойынша қант қызылшасы дақылының агротехникалық іс-шараларын атқаратын 244 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар. Бұл техника бүгінде іс-шараларды оңтайлы мерзімде атқаруға жетімсіздеу. Сондықтан, облыстық бюджеттен 5 ауыл шаруашылығы техника кешенін алуға 200 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұдан бөлек, Шу және Қордай аудандары «Меркі қант зауыты» ЖШС-нан шалғай орналасуына байланысты «ОртаАзиялық қант корпорациясы» ЖШС-мен келіссөздер жүргізуде, соның нәтижесінде тасымалдауға кететін шығындарының бір бөлігін қант зауыттары сатып алу құнына қосып төлейтін болды. Бұл өз кезегінде осы аудандарда қант қызылшасын өсіретін шаруашылықтарға үлкен көмек болып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі күнге қант зауыттары және Ауыл шаруашылығы министрлігімен қант қызылшасының сатып алу бағасына берілетін субсидиялау көлемін арттыру туралы келісім жұмыстары жүргізілуде. Облыстық әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп отырғандығын ескере отырып, экономикалық тұжырымдама бойынша қант қызылшасын егуде агротехникалық іс-шараларды қолданғанда кететін шығын орта есеппен 1 гектарға 299 мың теңгені құрайды. Нақтырақ айтқанда, орташа өнім гектарына 200 центнерден болған жағдайда рентабельдік – 13,3 пайыз, ал егер гектарына 300 центнер болған жағдайда рентабельдік 20 пайыз құрайтынын естен шығармаған жөн. Қазіргі экономикалық дағдарысқа қарамастан, облыстық бюджеттен қант қызылшасының агротехникалық іс-шараларын атқаратын ауыл шаруашылығы техникаларын алуға, сондай-ақ тұқыммен қамтамасыз етілуіне бөлінген қаражаттың игерілуін қамтамасыз ету әрбір азаматқа, агроқұрылымдар мен жеке шаруа қожалықтары басшыларына сын екені белгілі. Өңірімізде қант қызылшасы алқабының көлемін ұлғайту ісіне жанашырлықпен атсалысып, тиісінше қолдау көрсетуіміз керек. Халқымыздың «Көз – қорқақ, қол – батыр», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қанатты сөздерін еске ала отырып, аудан шаруашылықтарын қандай да бір туындайтын қиындықтарға қарамай, қант қызылшасын егуге шақырамыз. Азық-түлік тауарларының ішінен ең көп сұранысқа ие болып отырған қант екенін естен шығармайық.
Шәкір МОМЫНҚҰЛОВ, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егіншілік шаруашылығы бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді