Шенеуніктер шеберлігі тәнті етті
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Қаратау қаласында Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері аппараттары қызметкерлері арасында шағын футболдан облыстық дода ұйымдастырылды.
Айтулы аламанға барлығы он бір команда қатысып, бәсеке көрігін қыздыра түсті. Мемлекеттік қызметкерлердің бұқаралық спортқа деген қызығушылығын үстемелей түсу мақсатында өткізілген жарыста барлық команда ойыншылары тартысты ойын көрсетуге тырысып бақты.
Дода қорытындысында қарсыластарынан оқ бойы озық болып, үздік ойын үлгісін көрсете білген жуалылықтар топ жарса, Жамбыл ауданының командасы жүлделі екінші орынға қол жеткізді. Ал тараздық команда үздік үштікті түйіндеді. Үздіктер марапаттан тыс қалған жоқ. Бұл жарыстың басты мақсаты саламатты өмір салтын насихаттау болғаны анық. 110 адамды қамтыған жарыс сол үдеден шықты деуге толық негіз де бар.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




