«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ҚР Ұлттық банктің бұрынғы төрағалары өздерінің қателіктерін мойындады

ҚР Ұлттық банктің бұрынғы төрағалары өздерінің қателіктерін мойындады
ашық дереккөз
ҚР Ұлттық банктің бұрынғы төрағалары өздерінің қателіктерін мойындады

Алматыда «CFO Idea Exchange & Networking Event» саммиті өтті. Жиын барысында ҚР Ұлттық банкін әр кездері басқарған экс-төрағалар өздерінің басқарған жылдарындағы жіберген қателіктері туралы айтты.

Қайрат Келімбетов сәт сайын өзгеріп жатқан коммуникативтік технологияларға ілесе алмағанын айтты.

«Менің басқаруым кезіндегі қателігім  бұдан да жетілдірілген коммуникативтік стратегияға бет бұру керек еді. Қазір әлемде түрлі қатерлерге жауап беретін көп әлеуметтік технологиялар бар. Мемлекеттік құрылым халықпен ұзақ мерзімді уақытта байланыс орнатуы керек еді», - деді Қ.Келімбетов.

Сондай-ақ, ол Ұлттық банктің жеткен жетістіктері туралы да тілге тиек етті. Оның айтуынша, белгіленген курстан инфляциялық таргеттендіруге көшу үлкен жетістік.

«Әлемде бұл өте ауыр әрі ұзақ өтеді. Мысалы, Чили мемлекетіне оған көшу үшін 5-7 жыл керек болды. Ал, бізде ол жылдам әрі сәл жеңілірек өтті. Кемшіліктерге келер болсақ, 2004-2007 жылдары несие дағдарысы Ұлттық банк жіберген үлкен қателік болды. Сол кезде банктер көп мөлшерде несие беріп, құрылыс салып, нашар кредит портфелі 30 процентке дейін жетті. 40 млн доллар қарыз пайда болды. Бұл үлкен қателік еді. Қазақстан әлі соның зардабын тартып келеді», - деді Қ.Келімбетов.

Бас банкті 1998-1999 жылдары басқарған Қадыржан Дамитов болса, Ұлттық банктің жетістігі ретінде жүзеге асқан жақсы реформалар мен бастамаларды айтты.

Бірақ, банк жүйесін реформалау кезінде сәл радикалды шараларды қолға ала алмағанына өкінді.

2004-2009 жылдары Ұлттық банктің төрағасы болған Әнуар Сәйденов Ұлттық банктің жұмысындағы жетістік ретінде нормативтік базаның қалыптасуын, банк жүйесінің халқаралық жүйеге енуін, үздік технологиялар импортын атап өтті.

«Бірақ, халықаралық тәжірибені енгізе отырып, біз оны соңына дейін жеткізбедік. Банктер үздік корпоративтік басқару тетіктерін енгізбеді, тәуекелдерді бағалау жүйесі әлсіз болды», - деді ол.

Қаржылық сектордағы Қазақстанның жетістігі ретінде Ораз Жандосов банк жүйесінің мемлекеттен жекеменшік түріне көшуін атады.

«Ұлттық қорды жасаған кезде мұнай салығының құбылмалылығын жоюды қарастырмадық. Еркін бағамға жіберілгеннің өзінде оны алдын ала болжау мүмкін емес. Менің ұсынысым, мұнайдан түсетін салықтың бюджет толықтыратын үлесін ұмыту керек», - деді О.Жандосов.

Сарапшы өзінің Үкіметке дер кезінде ауыспағанына өкінетінін жеткізді. Оның айтуынша, ол жағдайда бірқатар әділетсіз жекешелендірудің алдын алуға болар еді.

Ұқсас жаңалықтар