Бильярд бәсекесі
Облыстық ішкі істер департаментінің ардагерлері арасында Тараз қаласындағы «Халил» клубында бильярдтан жарыс болып өтті. Оған отызға жуық спортшы қатысты. Тартысты өткен додада жеңімпазды анықтау оңайға түскен жоқ.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды запастағы полиция подполковнигі Тоқсанбай Аманов иеленді. Ең үздік ойыншы атағы да жеңімпазға бұйырды. Әділ Сариев пен Әбунасыр Сатаевтың еншісіне тигені – жүлделі екінші және үшінші орын. 77 жастағы ең қарт ойыншы Қазбан Сартаев та құр алақан қалмады. Үздік төрттіктің құрамына енген қария да жүлдегерлермен бірге ақшалай сыйлыққа ие болды.
Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді