Жаңатаста... Республикалық турнир

Жаңатаста... Республикалық турнир
ашық дереккөз
Жаңатаста... Республикалық турнир

3

   Жуырда Жаңатас қалалық спорт кешенінде грек-рим күресінен 1999-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Сарысу ауданы әкімінің кубогы жүлдесіне арналған республикалық турнир болып өтті. Бұл турнирге Қырғыз елі мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген барлығы 16 команда қатысты. Турнирді аудан әкімі, Жамбыл облыстық грек-рим күресі федерациясының президенті Қ. Мәдібек ашып, жасөспірім балуандарды құттықтап, сәттілік тіледі. Аудан әкімінің кубогы үшін барлығы 362 жасөспірім боз кілемде түрлі салмақта бақтарын сынады. Екі күнге созылған жарыс тартысты да қызықты өтті. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, жарыс қорытындысында білекті де жүректі жас балуандар жарыс жеңімпазы атанды. Командалық есеп бойынша бас жүлдені, аудан әкімінің кубогын №22 Жаңатас қаласы спорт мектебінің спортшылары қанжығаларына байласа, жүлделі екінші орынды Қызылорда облысы Қазалы ауданы, үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының балуандары иеленді. Жарысқа Жамбыл облысы грек-рим күресі федерациясы, жеке кәсіпкер Б. Түсіпбеков демеу­шілік көрсетіп, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Гүлнара Байбосынова,

Сарысу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар