Иван Дычко Ташкентте халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
- author «Ақ жол»
- 19 мамыр, 2014
- 917
Қазақстандық Иван Дычко Ташкентте бүгін аяқталған Сидней Джаксонды еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады «Қазақстандық бокс федерациясы».
Ташкенттегі ширек финал рингісінде қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы финалда өзбектің ұлттық командасының нөмірі бірінші боксшысы, бірқатар ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы Мирзохиджон Абдуллаевпен қолғап түйістіріп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Иван Дычко Алматыдағы әлем чемпионатының финалында нокаут алған еді. Бұл оның осы сәтсіздіктен кейін рингке алғаш шығуы.
Еске сала кетейік, Ташкентте біздің құрама аға жаттықтырушы Нұрлан Сафиуллиннің басшылығымен бес салмақ санатында сынға түсті. Дычкодан басқа Джаксон мемориалына Закир Сафиуллин (60 келі), Алмасбек Орынғалиев (69 келі), Сапарбай Айдаров (75 келі), Нұрдәулет Жарманов (81 келі) қатысты. Бұл турнирде Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Әзірбайжаннан, Ресейден, Ираннан, Түркиядан, Қырғызстаннан, Қытайдан және Түрікменстаннан барлығы 150-ден астам боксшы сынға түсті.
Ақпарат көзі: www.alaman.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




