Қыс жылы болған соң Ресейдегі аюлар ұйқысынан ерте оянуда

Қыс жылы болған соң Ресейдегі аюлар ұйқысынан ерте оянуда
ашық дереккөз
Қыс жылы болған соң Ресейдегі аюлар ұйқысынан ерте оянуда

Брянская облысында орналасқан қорықтағы аюлар қысқы ұйқысынан ақпан айының басында, жылдағыдан ерте оянды. Жыртқыштардың қысқы ұйықысының қысқаруына жылы әрі ылғалды қыс әсер етуі мүмкін.

«Брянский лес» қорығының әртүрлі тұсындағы екі аю қысқы ұйқыдан ерте тұрған. Олардың тоғай кезген іздерін қорықшылар тапты. Қазір жыртқыштардың қайда екені белгісіз, өйткені олар тамақ іздеп кеткен. Бірақ қорықшылар екі аюдың алған бағытын болжап отыр. Өйткені аюлар емен жаңғағын жейді сондықтан, осы ағаш көп өскен тұсқа барады», - деп жазады interfax.ru.

Ерте тұрған аю рекорды 2014 жылы тіркелген, қорықтаерте көктемде сергек жүрген аю 12 ақпанда байқалған, биыл бұл көрсеткіш жаңарды. Алғашқы аю 7 ақпанда үңгірін тастап шыққан.

Ұқсас жаңалықтар