Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да оқытушылар арасында факультетаралық спартакиада өтті. Университет қызметкерлерін бұқаралық спортпен шұғылдануға үндеген шара спорттың он бес түрін қамтыды. Волейбол, футбол, баскетбол, қол күресі секілді бірқатар спорт түрлері бойынша ерлер және әйелдер командалары өзара кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде «Мұнай, газ және механика» факультетінің оқытушылары қатарынан оза шауып бәйге алса, екінші орын «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетіне бұйырды. Сонымен қатар «Әкімшілік» командасы үздік үштіктен көрінді. Спартакиада соңында үздіктер командалық және жекелей сын бойынша марапатталды. Жоғары деңгейде өткен спорт аламаны ұстаздар қауымына жақсы әсер сыйлағаны анық.
Жанар Ешеналиева, ТарМУ-дың дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




