Нұрбол Әшім халықаралық жарыс жеңімпазы атанды
Қырғыз елінің Бішкек қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир болып өтті. Байрақты бәсекеде Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан және Қырғыз елінен 700-ге жуық жас балуандар бақ сынады. Тараз қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернатының спортшысы Нұрбол Әшім осынау байрақты бәсекеде 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтын жүлде иеленді. Ол бұған дейін грек-рим күресінен облыстық, республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып, халықаралық додаларда жүлдегерлер қатарынан көрінген. Атап айтсақ, 2015 жылы Ақмола облысы, Жақсы қаласында 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында алтыннан алқа тағынды. Білекті балуанды бәсі жоғары жарыстарға баптаған жаттықтырушысы – Рүстем Ахметов.
Толғанай Бекетқызы, журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




