- Advertisement -

Италияда ауа райы күрт жылынып, жидектер гүлдей бастады

94

- Advertisement -

20160201020824Италияда ауа райы күрт жылынып, жидектер гүлдей бастады. Тіпті бұрын-соңды қыс мезгілінде мұндай температура болмаған деседі.

Биыл өзге жылдармен салыстырғанда орташа есеппен 6 градусқа жылырақ болып тұр. Ал негізінен Италияда қаңтар ең суық ай болып саналады. Бірақ елдің оңтүстік аймақтарында термометр +19 градусты көрсетіп тұр. Тіпті кей жерлерде мамырда бүршік жаратын гүлдер шығып, жидектер гүлдей бастаған.

Мамандардың айтуынша, жылы қыс бірінші кезекте ауылшаруашылық иелеріне айтарлықтай кесірін тигізуі мүмкін, деп жазады 24.кз.

— Бұл жағдай уақыт өте келе қалыпты жағдайға айналмақ. Алдағы 100 жылдық болжам бойынша 2100 жылы Италияның солтүстігінде ауа температурасы 5 градусқа көтерілмек. Сондықтан қазір бізге жылы болып отырған қыс болашақта үйреншікті болып кетеді, дейді Италияның Қоршаған ортаны қорғау институтының қызметкері Франческа Джордано.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support