- Advertisement -

Швейцария елдің барлық азаматтарына айына 2500 еуро төлеуге ниетті

76

- Advertisement -

20160201091139Швейцарияда маусым айында барлық кәмелет  жасына жеткен азаматтарға ай сайын 2,5 мың франк төлейтін заң қабылдауы мүмкін.

Бұл сома қазіргі бағамға шаққанда, 2,5 мың еуро. Балаларға төлем 625 франкты құрайды. Бұл Швейцарияда жыл сайын осындай төлемдерге 208 млрд. франк шығындайтынын білдіреді.  150 млрд франкты ел бюджетінен, ал 55 млрд франкты әлеуметтік сақтандыру қорларынан алуды ұсынды.

Бұл заң жобасы мақұлданған жағдайда,  Швейцария өз азаматтарына ең төменгі ай сайынғы табыс ұсынатын алғашқы ел болады, деп атап өтеді Independent.

Demoscope компаниясы бұдан бұрын швейцарлықтар арасында зерттеу жүргізді, оған 1076 адам қатысты. Олардың тек 2 пайызы ғана егер ай сайынғы төлем тағайындалса, жұмыстарын тастауға әзір екендіктерін айтқан. Ал 8 пайызы жұмыстарын жалғастыра ма, жоқ па әзірге білмейтіндерін белгілеген, 56 пайызы  заң жобасы мақұлданбайды деп санайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support