Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық тоғызқұмалақ қауымдастығының ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан облыстың ашық кубогы өтті. Жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан 80-ге жуық спортшы қатысты. Доданың ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Ғани Қарқынбаев ұлттық спортқа қызығушылық танытып жүрген талапкерлерге сәттілік тіледі. Ұлттық ойынға қатысушылар сегіз топқа бөлініп өнер көрсетті. Спорт шебері, тараздық Жандос Мейрамқұловқа өз тобындағылардан озып шығу қиынға соққан жоқ. Оның командаластары Мақсат Долысбеков пен Әсел Сейтбекова да өзге өңірлерден келген қарсыластарынан басым болды. Сондай-ақ, әр топтан Қанат Жұман, Елтоқ Сыздықов (екеуі де Шу ауданынан), байзақтық Ұлжан Мұраталиева, сарысулық Нұрсара Жақсыбекова, қордайлық Аида Жалғапова үздік шықты. Командалық есепте Ербол Нұрханов баптайтын Тараз қаласының құрамасы жеңімпаз атанып, арнайы кубокты иеленді. Жүлделі екінші орыннан Шу ауданының құрамасы көрінсе, үшінші орынға қордайлық тоғызқұмалақшылар қол жеткізді.
Айнұр Смағұлова, ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




