«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Заңнан аспа, зайырлылықтан қашпа

Заңнан аспа, зайырлылықтан қашпа
ашық дереккөз
Заңнан аспа, зайырлылықтан қашпа

Елбасымыз Ұлытауда берген сұхбатында «Қазақ ешқашан дінінен айырылып көрген емес. Қаншама азаматтарды – білімді, дінді насихаттайтын молдаларды дайындап келеміз. Осының барлығы дұрыс қой, дініміз де, дәстүріміз де қазаққа керек, әрине. Дегенмен, тек біздің дініміз ғана дұрыс екен деп жүрген басқа елдердің жағдайы мүшкіл болуда. Мысалы, бір мұсылманның ішінен сүннит пен шиит болып бөлініп, қан төгіп жатқан халықтар қаншама? Бір діннің ішінде өзара ұғыспай, ағымдармен келіспей, соғысып жатқан католиктер қаншама? Сондықтан біз абайлауымыз керек. Біздің дініміз керемет, басқа діндердің керегі жоқ демеген жөн. Біздің дініміз – өзіміздің дініміз. Бірақ басқаны да үйренуіміз, білуіміз, сыйлауымыз, құрметтеуіміз қажет. Сонда мұсылманның діні де құрметтелетін болады» - деп дәстүрлі діндерді және өзге ұлттардың барлығын құрметтеу адами қасиет екенін айтты. Сонымен қоса, Елбасымыз «Дінге бас ұрып жүріп, біз оның теріс жағына түсіп кетпеуіміз керек. Бізге зиян келтіретін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен, дінмен мемлекет орнатып, мемлекеттік дін жасаймыз деп жүргендер бар» - деп ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге, зайырлылық құндылықтарға, Ата Заңымызға қарсы шығып шатасып жүрген азаматтардың бар екенін ескертті. Діни экстремизммен күрес – мемлекет тыныштығының кепілі. Ал, халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге ел Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Ел Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді. Басшыға бағынуға байланысты Құран Кәрімде «Ей, мүміндер! Сендер Аллаға бой ұсыныңдар, пайғамбарға бойұсыныңдар, әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де. Егер, бір нәрсе үстінде талас-тартыста қалсаңдар, Аллаға және пайғамбарға жүгініңдер. Егер сендер Аллаға, ақырет күніне сенетін болсаңдар, осылай істеу әрі қайырлы, әрі жақсы нәтижелі болмақ» - деп Ниса сүресінің 59-аятында ел билігі тізгінін ұстаған тұлғаларға бойұсыну Алланың үкімі екені айтылған. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген мына хадис-шәріпте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбапты. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны» - деген. Сол себепті ата-бабаларымыз заңға бағыну Аллаға бағыну және «Таспен ұрғанды, аспен ұр» – деп өзге ұлттарды дініне, нәсіліне, жынысына қарамастан көмек беріп, бауырына басқан. Бұдан кең-байтақ жерімізде зайырлылықтың, гумманизмнің қағидалары болғанын аңғаруға болады. Өскелең ұрпаққа қазақ халқының діни танымын түсіндіріп, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекетте өмір сүру заман талабы екенін жеткізуіміз керек.

Ерзат Жақыпов, облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыру және жоспарлау бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар