ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде сейсенбі күні өткен баспасөз мәжілісіне Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қатысып, еліміздегі қаржы секторының дамуы жөнінде сөз қозғады.
– Бүгінгі таңда Қазақстанда 38 банк бар. Барлық депозиттің 95 пайызы солардың қатарындағы жиырмаға жуық банкке ғана тиесілі. Сондай-ақ, несиелердің басым бөлігі де осылардың еншісінде. 95-тен қалған 5 пайыздық қаржы айналымын қалған 18 банк қолдарында ұстап отыр. Осы орайда өз жұмысына жауапты қарайтын әрі белсенді қызмет көрсететін қаржы ұйымдарына сеніммен қарауға болады деп ойлаймын. Ал, ешқандай жауапкершілік алмайтын әлжуаз банктерге депозиттерді жүргізу лицензиясын беруді тоқтату керек шығар. Бұл күнде біз бұл мәселелерді талдап, зерделеу үстіндеміз. Өйткені, елімізде 5-6 жылдан соң әлемдік қаржы корпорацияларының бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Мұндай қаржы институттарымен отандық банктер бәсекелес болуы үшін олардың ең төменгі капиталы 100 миллиард теңгеден кем болмауы қажет. Ол талапты барлық қаржы ұйымдары орындай алмайтын сияқты. Сондықтан да қазақстандық банктер өзара бірігуі де мүмкін, – деді Қайрат Нематұлы.
Фариза Әбдікерімова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Өте сирек кездесетінота жасалды
- 10 қыркүйек, 2024
Жүктіліктің ерекше жағдайы анықталды
- 10 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді