- Advertisement -

Қытайда сұлулық байқауына қатысып жатқан ресейлік бойжеткен Қазақстанның намысын қорғаймын деп жанжал шығарды

86

- Advertisement -

pogudx6tbp4sqcat1.9b5c6f13Қытайда халықаралық сұлулық байқауындағы жанжалға уфалық бойжеткеннің әрекеті себеп болған деп жазады Қазақпарат.

Онда Уфа қаласының студенті Ресейдің орнына Қазақстанның намысын қорғауда, деп хабарлайды Башқұрт спутниктік телеарнасы.

Бұл жаңалық уфалық студентке жанкүйер болғандардың барлығын есеңгіретті. Модельдік агенттіктер болып жатқан оқиғаға байланысты өз нұсқаларын жарыса жазуда. Ал Башқұртстанның Студенттік ханшайымы болса, Ғаламторға кезекті суреттерін салып жатыр.

Аспанасты еліне сапар алдындағы фотосессия. Жүз адамның ішінен таңдалған бойжеткендердің арасындағы Настя Яковлева мен Ева Чашинская Қытайда Башқұртстанның атынан өнер көрсетуі тиіс еді. «Әлем Университеті ханшайымы» – фэшн-индустриядағы ең беделді аталымдардың бірі. Биыл ол 27-ші рет өткізіліп жатыр.  Ақтық кезеңге үздік аталған 70 бойжеткен жолдама алды. Олардың әрқайсысы аймақтық кезеңдерде жеңіске жеткен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support