аударма Алматыдағы «Жалын» баспасынан жарық көрді
Әріптесіміз, «Ақ жол» газетінің тілшісі Қанат Тілепбергеннің жазушылық қыры да бар. Жас қаламгердің бірнеше әңгімелері жеке кітап болып та шықты. Қанат Әбілсейітұлының әдебиеттегі лақап аты-жөні – Қаламгер Азамат. Жақында еліміздің оңтүстік астанасынан сүйінші хабар жетті. Қаламгер Азамат (Қанат Тілепберген) қазақ тіліне аударған француздың әйгілі классик жазушысы Ги де Мопассанның новеллалары Алматыдағы «Жалын» баспасынан екі мың дана таралыммен жарық көріпті. Бұл кітап «Жас толқын» сериясы аясында «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша оқырмандарға жол тартқалы отыр. Қаламгер Азаматтың тәржімалауындағы бұл еңбекте автор сатқындық, дүниеқоңыздық, екіжүзділік, кедейшілік, мансапқұмарлық, кек, жалғыздық, жезөкшелік, қулық, алаяқтық, мейірімсіздік, менмендік, арсыздық, парақорлық, іштарлық секілді қасиеттерді қозғап, адамдардың бойындағы келеңсіз мінездерді әжуалаған. Сондай-ақ, жас аудармашы әріптесіміз бұл еңбегінде Америка жазушысы Уильям Сароянның «Гарри» новелласын және Харуки Муракамидың «Ледерхозен», «Жаңбырдан қорғану», Грузин жазушысы Реваз Мишвеладзенің шығармаларын қазақ тілінде «сөйлеткен». Әріптесіміз Қаламгер Азаматты жаңа аударма кітабының жарыққа шығуымен құттықтап, жас прозашының алдағы еңбектеріне шығармашылық табыстар тілейміз. Аударатын маңызды дүниелер молайып, жазарың таусылмасын, Қанат!
Мәдениет бөлімі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді