Қазақстанда Қытай азаматтарына шаруашылыққа пайдаланылатын жерді жалға берілді, деп хабарлады Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев.
“Жер телімдері тек қытай азаматтарына ғана емес, Ресей мен басқа шетел азаматтарына берілді”, - деді Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің брифингінде, деп жазады kamshy.kz. Сонымен қатар, ол ҚР жер телімдері кодексіне сай шетелдік азаматтар мен шетелдік компанияларға жалға жер беру шектелмейтіндігін айтты. “Біз жекеменшікті сатып отырған жоқпыз. Жер телімдері кодексінде нақты көрсетілгендей, он жылға ғана жалға жер беріледі. Мынадай мысалдар келтіруге болады: ШҚО және Ақмола облыстарында дәл ауыл шаруашылығына арнайы жер телімдері бөлінген болатын. Біз ол жерлердің кімге және қанша жылға және қанша гектар екенін білеміз”, - деді үкімет басшысының орынбасары. Премьер-министрдің орынбасары жер берілгені туралы ашық айтса да, оның кімге және қанша жер берілгенін жұмбақ күйінде қалдырды.
Дереккөз: Нұр кз
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




