Қазақстандағы кейбір пайдалы қазбалар қоры 500 жылға жетеді
- author «Ақ жол»
- 14 мамыр, 2014
- 474

"Еліміздегі кейбір пайдалы қазбалардың қоры жеткілікті. Темір, көмір секілді пайдалы қазбалар қоры кемінде 300 жылға жетеді. Яғни, Қазақстан қазіргі таңда осы пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілген", - деді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев Президент қарамағындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Вице-министрдің айтуынша, еліміздегі пайдалы қазбалардың осындай қорымен алдағы уақытта Қазақстан негізгі ресурсты сол қорды пайдалануға жұмсауы керек. Ресми деректерге сүйенсек, геология саласын қаржыландыру жылдан жылға қарқын алып келеді. 2019 жылға дейін Үкімет бекіткен бағдарламада аталған саланы республика бюджетінен 119 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылып отыр. Геологиялық бақылау жұмыстары Жезқазған, Сәтбаев және Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
100 саулықтан 100 қозы алу мүмкіндігі бар
- 15 сәуір, 2025
Тауық өсіріп, табысқа кенелген
- 15 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді