Парақор полицейлер

Парақор  полицейлер
ашық дереккөз
Парақор полицейлер

Облыс прокуратурасы биылғы наурыз айында сыбайлас-жемқорлық бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін Тараз қаласы ішкі істер басқармасының 3-ші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А. Мұраталиевке қатысты Қылмыстық кодекстің 177-бабының 3-бөлігінің «г» тармағы бойынша қозғалған қылмыстық іс №2 қалалық сотқа қарауға жолданды. Бұл қылмыстық істі облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері тергеген еді. Аты аталған азамат ішкі істер органы қызметкерлеріне қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдірілгенін пайдаланып, әріптестеріне сөз келтірді. Оның 12 азаматқа полиция қызметкерінің сөзін беру жолымен сенімдеріне қиянат жасап, бас-аяғы 4,5 миллион теңгені алаяқтық жолмен ұрлағаны әшкереленді. Өкінішке қарай, полицейлерге қатысты қылмыстық іс бір бұл ғана емес. Дәл осындай жолмен сыбайлас-жемқорлық бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін Қордай аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің орынбасары М. Джангирбаев та айыпталып, ісі аудандық сотта қаралуда. Қорыта айтқанда, прокуратура органдары парақор мемлекеттік қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартып, ақиқатты анықтап, азаматтардың құқықтарын қорғау жолында мақсатты түрде қызмет етуде.

Жанмұрат БАТЫРОВ, облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы, әділет кеңесшісі.

Ұқсас жаңалықтар