Екі дүркін Әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев соңғы жылдары Англиядағы айтулы университеттердің бірінде білімін жетілдіріп жүрген болатын. Атап айтқанда, ел мақтанышы болған Серік «Әлеуметтік және спорттық менеджер» мамандығын халықаралық деңгейде меңгеріп шықты. Сөйтіп, Серік өзінің қайталанбас қолтаңбасы бар былғары қолғап шебері ғана емес, керемет менеджер екенін де дәлелдемек. Өткен жылдың қорытындысы бойынша С.Сәпиевке «Жыл менеджері» атағы берілді. Ал алдағы уақытта ол дүниежүзілік бокс сериясы бойынша еліміздің намысын абыройлы қорғап жүрген «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубының менеджері қызметіне кірісуі мүмкін. Серіктің бұл ойын «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубының басшылығы құптайтын сыңайлы. Бұл жөнінде «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубының басшылары БАҚ және электронды ақпарат құралдары өкілдеріне мәлімдеді. Егер бәрі сәтті болып жатса, Серік Сәпиевтің спорттағы тәжірибесі және менеджерлік жұмысы «Астана арландары» клубының зор жетістіктерге жетуіне оң ықпал жасайтыны анық.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




