Өтіп бара жатқан 2015 жыл еліміз үшін ерекше сәттерге толы болды. Спорт саласында да табыстар аз болған жоқ. Өзімнің бір жылғы ізденістерімді, төккен терімді саралайтын болсам, жеткен жетістіктеріме көңілім толады. Қой жылында бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана арландары» сапында әлем чемпионы, ересектер арасында Азия чемпионы атандым.
Есігімізден аттап кіргелі тұрған жыл – Олимпиада жылы. Осы жылы әлемде ең бәсі жоғары байрақты доданың жолдамасы үшін барлық күш-жігерімді, тәжірибемді жұмсамақпын. Құдай қаласа, ел сенімін ақтауға ұмтыламын. Жақсы нәтижелерге жету жолында аянбай тер төге бермекпін. Барша көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа шаттық, береке, қуаныш, бақыт тілеймін! Тәуелсіз еліміздің әр таңы рауандап ата берсін!
Олжас Сәттібаев, Таиландта өткен бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




