«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Алақан, саусақ сызықтарының құпиялары

Алақан, саусақ  сызықтарының құпиялары
ашық дереккөз
Алақан, саусақ сызықтарының құпиялары

Он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла тағаланың саналы құлы адамзаттың тіршілігі ұқсас болғанымен, олардың саусақ таңбалары еш уақытта ұқсас келмейді. Саусақ терісін қанша рет сыпырсаң да, терісі қайта қалпына келгенде, бұрынғы саусақ пен алақан сызықтары да өзгеріссіз бұрынғы қалпын сақтап қалады екен. Сондықтан, алақан мен саусақ таңбалары – жеке адамның өзіндік кодтық таңбасы. Дүниежүзінде қылмыскерлерді тек қана осы таңбалы белгі арқылы анықтайды. Бұл құпияны ағылшын ғалымдары 1884 жылы ашқан. Олар өздігінен ашпаған, оларға сонау VII ғасырда-ақ Құранда жазылған жәйт әсер еткен болса керек. Қасиетті Құранда Алла адамды қайта тірілтуін, оның саусақ сызықтарына дейін құрастыра алатындығын былай дәлелдейді: «Кәпір бізді олардың (адамдардың) қаусаған сүйектерін кайта жинай алмайды деп ойлай ма? Олай емес, сүйектерін қара тырнақтарына дейін (саусақтарының ұшына дейін) қалпына келтіреміз»(Қиямет сүресі, 3-4 аяттар). Алақан мен саусақтың осындай құдіретінің барын білген әлем елінің ғалымдары ғылыми орталықтар құрып, арнайы зерттеулер жасаумен көптен бері шұғылданып келеді. Осы саладағы ғылым болып табылатын дерматоглифология ғылымы саласының ғалымдары алақан сызықтарында тұқым қуалайтын белгілер болатынын анықтады. Мәселен, осы бағыттағы зерттеулер дәрігерлерге ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ауруларды, сондай-ақ жаңа туған нәрестенің кім екендігін айқындауға мүмкіндік беретінін де дәлелдеді. Шешілмейтін, оқылмайтын нәрсенің жоқтығын осыған карап айқын білуге болады. Жаңа ғылым дерматоглифология бойынша да ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан хиромантия (алақан сызықтарын оқу) насихаттағандай, адамның мінез-құлқы мен қабілеті, денсаулық сипаты атадан балаға жалғасып жататыны шындыққа ұласары алыс емес. Хироманттар әр уақытта адамның алақанындағы негізгі үш сызыққа қарап, болжамын айтады. Олар: 1. Өмір сызығы. 2. Жүрек сызығы. 3. Ақыл-ой сызығы. Бұдан басқа білектегі білезіктерде де шындықтың негізгі «болжамы» болады. 1. Өмір сызығына келсек, хироманттар бұған қарап адамның жалпы денсаулығына баға береді және өмірінің мөлшерін де біле алады. Егер бұл сызық кең әрі өңсіз, түссіз болса, онда ол денсаулықтың нашарлығын, адамның мінез-құлқындағы ерекше белгілерін көрсетсе, қосымша сызықтар адамның ұзақ жасайтындығын көрсетумен қатар, денсаулықтың ақаулығы барын да ескертеді. Егер өмір сызығы екі кесіктен тұрса, онда бұл адамның өлімші болып ауыратынын немесе аяқ астынан өлетінін көрсетеді. Сызық басталатын жерінде екі ашаға ұқсас айырылса, бұл денсаулықтың жақсы болғаны. Өмір сызығының қосарлана жүруі кейде байлықты, бақытты болуды білдіреді. Ал әйелдерде өмір сызығының екеу болуы өзін қорлауға ұмтылуы. Өте жіңішке, ұзын өмір сызығы адамның ашушаңдығын, ал өмір сызығының кенеттен жоқ болуы – адамның жақында сал ауруына шалдығатынын білдіреді. Мүмкін өлімге итермелеген «жасырын» ауру да болуы ықтимал. Дегенмен, мұның бәріне сене беру де дұрыс емес. Егер өмір сызығы тарам-тарам болып шашырап барып, қайта қосылса, ол қанның аздығы. Денсаулықтың нашарлығын, әлсірегенді білдіреді. Алақанға қарап ырымшыл болып, бекерден босқа азуға болмайды. 2. Жүрек сызығы – айқын әрі дұрыс, анық тартылса, онда бұл сызық иесінің асқан мейірбан, жайдары, ақкөңіл, өзін құрбан етуге дейін бара алатындығын көрсетеді. 3. Ақыл (бас)-ой сызығы тура тартылса, ұзын әрі жақсы болса, иесінің жарқын ойлы, жігерлі, саналы адам болғаны. Сызық қысқа болса, оның үстіне Сатурнның астына келіп бітсе, онда бұл адам уақытынан бұрын өлуі мүмкін. Сызықтың Ай төмпешігіне қарай қатты ауытқуы – жүйкелері бұзылудан зардап шегетіндерде, есуастық пен фанатизм шекарасында тұрғандарда кездеседі. Ақыл сызығының үстіндегі дөңгелекше (аты жоқ саусақ астында) адамның соқыр болып қалатынын көрсетеді. Ал сызықтың бойындағы «арал» (бұтақталып барып қайта қосылса) мидың катты шаршағандығын дәлелдейді. Алақанның дәл ортасына келіп аяқталған ақыл-ой сызығы иесінің психикалық ауруға шалдыққандығын білдіреді. Сызықтың бойындағы «аралдар» (сызықтың бұтақталып барып қайта қосылуы) жүйке ауруларын, сызықтағы нүктелер бастағы жарақатты білдіреді. Адам мінезіне және қабілетіне толық талдау жасау үшін «қол оқуда» тағы да көмекші үш сызық бар. Олар: 1. Тағдыр сызығы. 2. Күн (Аполлон). 3. Денсаулық (бауыр немесе қарын) сызығы. Сондай-ақ, басқа белгілер де болады. Алақанда тағдыр сызығының болмауы адамның алдында ауыр да сұрықсыз өмір, сәтсіздіктер күтіп тұрғанын білдіреді. Ал үзік-үзік қисық тағдыр сызығы иесінің өмірінде жиі-жиі өзгерістердің болатынын білдіреді. Алақанда Күн сызығы жоқ болса, өмірде адам айтарлықтай табысқа да жетпейді, ерекше бір қуанышқа да кенелмейді. Денсаулық сызығы айқын әрі түзу болуға тиіс. Керісінше болғаннан оның болмағаны жақсы. Өйткені, денсаулық сызығы дені сау, ары таза, дарынды да зердесі күшті адамдарда өмір сызығынан басталады әрі айқын білінеді, таралмайды да. Бұл сызықтың үзік-үзік түсінің қоңырқай болуы – иесінің арам пиғылды екендігін дәлелдейді. Адамның қолының сыртқы формасы да әртүрлі болуына қарай олардың құрылымдық ерекшелігі де адамның қандай екендігін таныта алады. Қысқасы, қолдың аумағы адамның дене бітіміне ұқсамай, үлкен не кіші болса, ол адамның тұрақсыз, өте жағымсыз қылықтарға ие екендігін білдіреді. Осындай қолдың әртүрлі өлшемі ол адамның кім екенін білдіреді.

Massaget.kz сайтынан алынды.

Ұқсас жаңалықтар