Адамдар күшті зілзала кезінде пайда болатын жарқылды ерте заманда-ақ көріп келген. Бірақ, мұндай құпия құбылысты зерттеу тек 1960 жылдардан бастап қолға алынды. Жер сілкінген кезде бірнеше секунд қана көрінетін беймәлім жарқылды сол жылдары Жапонияның Мацуширо аралында ғалымдар суретке түсіріп алған болатын. Мамандар содан бері әлгіндей жарқылдың қалай пайда болатынына нақты жауап таба алмай келеді. Кейбір ғылыми дәйектемелерде зілзала кезінде жер астынан қызып шығатын фосфин газы мен ауадағы электрокинетиканың үйкелісуінен пайда болады делінсе, басқа тұжырымда әлгіндей бір сәттік жарқыл Жер сілкінген кездегі тастардың өзара үйкелісінен пайда болатын электр қуатынан туындайтыны айтылады.
zamana.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




