Таразда «магнит баланың» денесіндегі тылсым күш күн санап артып келеді (видео)
- author «Ақ жол»
- 7 желтоқсан, 2015
- 513
Таразда түрлі металл заттарды денесінде ұстап тұра алатын магнит бала бар. 6 жастағы Нұрдәулеттің ерекше мүмкіндігін ата-анасы жақында ғана байқаған. Қазір жеткіншектің бойындағы күш күн санап артып келеді. Бұған оның туған-туыстары алаңдап отыр. Нұрдәулеттің бойындағы ерекше қасиетті ең бірінші атасы байқаған. Ол теледидардан бір қарияның денесіне темір заттарды жабыстырып жатқанын көріп, өзіне жасамақ болған. Ештеңе шықпаған соң жанында ойнап жүрген немересінің кеудесіне қасықты қойып көріп, таңқаларлық жайттың куәсі болады. Нұрдәулет Арыстанбек: - Ата «қасық әкел» деді. Сосын әкеліп беріп едім, атаға жабыспады. Маған жабысты. Сосын үйдегілерге айтты да, бәрін шақырды. Сосын жабыстырып көріп едік, жабысты. Кішкентай Нұрдәулет мектепке даярлық тобында оқиды. Алғашында оның кеудесіне тек бір қасық қана жабысқан. Бертін келе бойындағы белгісіз күш күннен күнге артқан. Соңғы 10 күнде тартылыс бірнеше есеге көбейіпті. Ал бүгін оның денесіне планшет жабысты. Арыстанбек Қарақұлов, Нұрдәулеттің атасы: - Күн өткен сайын жабысып жатыр. Төртеу, алты қасыққа дейін барды. Содан кейін ұялы телефонды жабыстырып көру туралы ой келіп, оны да көрдік. Алғашында ата-анасы қорыққандарын жасырмайды. Бірден дәрігерге жүгініп, медициналық тексеруден өткізген. Психологқа да барыпты. Мамандар бала денсаулығына келер қауіп жоқ деп отыр. Меруерт Айымбекова, балалар дәрігері: - Қазіргі таңда баланың дені сау. Ешқандай шағымы жоқ. Мұндай феномендер негізі адамның, баланың денсаулығына зиянын келтірмейді. Соған қарамастан, біз барлығын бақылаудан өткіземіз. Нұрдәулет өте зерек. Қазірдің өзінде ол бағдарламадан тыс жаттығуларды орындап, қатарларынан әлдеқайда алда келеді. Тіпті ағылшын әріптерін жаттап алған. Ол болашақта ғарышкер болуды армандайды.
Ұқсас жаңалықтар
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
"30 жыл тазаланбаған": Жамбылда жер арықтарына көңіл бөлінуде
- 8 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




