«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аймақтық жоспардың орындалу барысы партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында тыңдалды
Облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаевтың баяндамасы
Тараз Қалалық Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Алқалы жиында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аймақтық жоспардың орындалу барысы туралы облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Кәрім Көкірекбаев баяндама жасады.
Құрметті Саяси кеңес мүшелері! Құрметті әріптестер!
«Hұp Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық ic-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасы - партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміздің негізгі даму бағыттары айқындалған саяси құжат және партияның ел алдына қойған биік межесі. Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру бойынша партияның облыстық филиалы 2012 жылы аймақтық жоспар қабылдағанын білесіздер. Аталған жоспар партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросы мен партияның облыстық мәслихатындағы фракциясында талқыланып, атқарушы органдарға қатысты тиісті шешімдер қабылданып отырды. Облыста партияның Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аймақтық 12 сарапшы топ, халықпен жұмыс жүргізуге бағытталған түрлі саланы қамтитын 13 партиялық жоба жұмыс жасауда. Партия тұғырнамасының жергілікті жерлерде уақтылы әрі сапалы орындалуына бақылау бойынша олардың тарапынан 91 ұсыныс берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының қатысуымен онлайн режімде 18 рет сарапшы топ отырысы өткізіліп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасулар болды. Аталған кезеңде «Жұмыспен қамту және тұрғындар табысы», «Мемлекеттік басқару жүйесі», «Әйелдерді қолдау», «Білім және ғылым», «Жастарды қолдау», «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау», «Ұлт денсаулығы» бағытындағы сарапшы топтарының белсенділік танытқанын айта кету керек. Оларға түскен нақты ұсыныстар тиісті мемлекеттік және де басқа құзырлы органдарға жіберіліп, шешімдерін тауып отырды. Партияның Сайлауалды тұғырнамасында қамтылған 12 бағыт бойынша 192 мақсатты индикатор мен 77 нәтиже енгізілген. Сол мақсатты индикаторлардың 173-і орындалып отыр. Аймақтық жоспар қабылданғалы бері мерзімде жоспардың негізгі тармақтарына қатысты индикаторлық көрсеткіштері 90 пайызға орындалды. Атап айтқанда, «Білім және ғылым – табысты болашақтың негізі» атты бірінші тармаққа сәйкес 3-6 жас аралығындағы балалардың 73 пайызын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспары 75,0% пайыз құрап (2012 жылы – 64,6%, 2013 ж.-67,6%, 2014 ж.- 70,7%), индикаторлық көрсеткіш 1,5 пайызға артығымен орындалды. Ал, 2012 жылмен салыстырсақ 11,6%-ға артық. Облыста 421 (255 балабақша – 36391 бала, 166 шағын орталық – 8608 бала) мектепке дейінгі білім мекемелерінде 45 мың бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 37 (33 б/б, 4 ш/о) мектепке дейінгі білім мекемелері жұмыс істеп, онда 3423 бала тәрбиеленуде.Бүгінгі күнге облыстың білім мекемелерінде 5-6 жастағы балалар мектепалды дайындықпен 100% қамтылған. 2012-2014 жылдар аралығында 77 мектепке дейінгі білім мекемесі ашылса (58 балабақша, 19 шағын орталық), биылғы жылы 14 мекеме ашылды (9 балабақша, 5 шағын орталық). Сайлауалды тұғырнамада мемлекеттік балабақша-лармен қатар, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар санын арттыру көзделген. Бұл көрсеткіш шағын және орта бизнес субъектілерінің үлес қосуының нәтижесінде 6 есе артық орындалды. Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерді жою – партия тұғырнамасының ең басты басымдықтарының бірі. Облыста соңғы төрт жылда республикалық бюджет есебінен 14, жергілікті бюджет есебінен 15 мектеп соғылып, индикаторлық көрсеткіш 3-ке артып отыр. Өткен жылы білім нысандарының құрылысын жүргізуге 10 млрд. теңге бөлінсе, биылғы жылы 7,4 млрд. теңге бөлініп, 24 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Биылғы оқу жылында облыста 5 мектеп үш ауысыммен жұмыс істеп келеді. Оның ішінде 2 мектептің құрылысы жүргізілуде (Тараз қаласы Құмшағал ст. 300 орындық орта мектебі, Байзақ ауданы Түймекент ауылындағы 300 орындық орта мектебі), 1 мектептің құрылысы алдағы жылы Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілді (Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық орта мектебі). Биылғы оқу жылында үш ауысымды мектептер тізіміне қосымша енген 2 мектептің жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындауға қаржы қарастырылуда. Үш ауысымды оқытуды қолданатын мектептердің үлесі қосымша енген 2 мектептің әсерінен 0,6 пайыздан 1,1 пайызға дейін өсті. Жыл басында апатты жағдайдағы мектептер саны 19 болса, 8 апатты мектептің мәселесі жаңа құрылыс есебінен шешілді. Оған тағы апатты жағдайдағы 1 мектеп еніп, жалпы саны 12-ні құрап отыр.(Талас ауданы Қасқабұлақ ауылындағы Қасқабұлақ орта мектебі), салынып жатқан мектептер есебінен 4 мектептің мәселесі биылғы және 2016 жылы шешіледі. Қалған 8 мектептің мәселесі 2017-2018 жылдары кезең-кезеңімен шешіледі деп жоспарлап отырмыз. Кең жолақты Интернет желісіне 442 білім мекемесі, оның ішінде 131-і жоғары жылдамдықтағы (4-10 мегабит/сек) желісіне қосылған. Дегенмен, бұл индикаторлық көрсеткіш 29 пайызға ғана орындалып отырғанын айта кетуіміз керек. Білім беру басқармасы бұл мәселені мұқият қарап, шешу жолдарын қарастыру керек. Елбасы тапсырмасына сәйкес Сайлауалды тұғырнамада белгіленген Техникалық және кәсіби білім беру кадрларын дайындауды дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2011 жылы Кәсіптік – техникалық кадрлар даярлау жөнінде өңірлік Кеңес құрылған. Осы Кеңестің қолдауымен техникалық және кәсіптік білімді дамыту мақсатында облыста жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2014 жылы 4 колледж Дүниежүзілік даму банкінің грантына ие болды, Республикалық бюджет есебінен Тараз қаласының «Арай» алқабында 600 орындық колледж пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдан бастап, Жамбыл политехникалық колледжі дуальды оқытудың эксперименттік алаңы болып бекітілді. 2015-2016 оқу жылында 27 колледжге 26 мамандық бойынша оқытудың дуальды жүйесі енгізіліп, оған 1464 оқушы қамтылды. Өткен оқу жылында дуальды оқытуға облыстағы 116 кәсіпорын тартылса, биыл олардың саны 132-ге жетті. Өңірдің қажеттілігіне сай, биылғы оқу жылында колледждерде жаңадан 10 мамандық ашылып, мамандар дайындауға 3740 мемлекеттік білім беру тапсырысы берілді. Оның 33%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді. Өткен жылдан бері Білім және ғылым министрлігі, Бөбек қайырымдылық қоры және Қазақстан Халық Банкі арасында жасалған меморандумға сәйкес және «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен демеушілер арқылы облыста қорғаншылық пен қамқоршылықтағы 347 жетім балаларға мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша білім салымдары ашылды. Облыста 223 білім беру ұйымында (45,2%) Қамқоршылық кеңестері жұмыс істеуде. Болашақта жоғары білімді қазақстандықтар тек мықты денсаулығы мен сапалы өмір сүру жағдайы болғанда ғана өз Отанына пайда келтіре алады. Аймақтық тұғырнаманың «Ұлт денсаулығы – ел қуаты» тармағы бойынша тегін медициналық көмектің кепілді көлемі биыл 2012 жылмен салыстырғанда 50%-ға артып, 30 млрд.теңгені құрады. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жұмыстары өз жалғасын табуда. Тәуліктік төсек қорын жыл сайын 5% қысқарту бойынша облыста соңғы үш жылда 997 төсек қысқартылды. 2012-2015 жылдары 876 төсек қоры оңтайландырылды. Жыл сайын тұрақты мекемелерде ем алғандар саны төмендеп, күндізгі стационарларда емделгендер саны ұлғаюда. Денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселенің бірі – халықты тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Амбулаториялық деңгейде жеңілдетілген және тегін дәрілік заттарға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артуда. Биыл бұл мақсатқа 1,8 млрд.теңге бөлініп, 2012 жылмен салыстырғанда 28,5%-ға артты. Сайлауалды тұғырнамада 2017 жылға қарай ана өлімін – 5%-ға, бала өлімін – 19%-ға азайту көзделген. Облыста ана өлімінің көрсеткішін тұрақты төмендетуге қол жеткізілді. Мәселен, 2009 жылы ана өлімі 40,0 болса (ҚР - 36,8), 2014 жылы 18,1-ді құрады (ҚР – 11,7). Ал биылғы жылдың 10 айында 4,5-ке түсіп отыр (ҚР – 11,0). Бала тууға жәрдемдесу және балалар ұйымдарын жарақтандыру деңгейі ағымдағы жылы 77%-ды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 25%-ға өсті (52,2%). Сондай-ақ, 2012-2015 жылдары кемінде 81 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен 61 денсаулық сақтау нысаны ел игілігіне берілді. Биыл жобадан тыс республикалық және облыстық бюджет есебінен Тараз қаласындағы 300 төсектік қалалық көп салалы аурухана, Қаратау қаласындағы, Меркі ауылындағы 250 келушіге арналған аудандық орталық емханалар, Байзақ ауданындағы 60 төсектік туберкулезге қарсы ауруханасы құрылыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда облыста 2013 спорт нысаны жұмыс істеуде. Оның ішінде 440-ы тұрғындардың спортпен жүйелі түрде шұғылдануына мүмкіншілік жасауда. Тұрғындардың 22 пайызының дене тәрбиесімен және спортпен жаппай шұғылдануын қамтамасыз ету мақсатымыз бүгінгі күннің өзінде 24,9 пайызға жеткізіліп отыр. Ал жасөспірімдердің дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдануы жоспарланған 13 пайыздан биылдың 10 айында 29 пайызға дейін жетіп отыр. «Hұp Отан» партиясының Ұлттық ic-қимыл жоспарында өнеркәсіп саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Тұғырнамада облыс аумағындағы өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін ұлғайту көзделген. Ағымдағы әлемдік күрделі экономикалық ахуалдың қалыптасуына қарамастан, барша жамбылдықтардың жұмыла жұмыс істеуінің арқасында облыс экономикасы бірқалыпты дамып келеді. Бұл ең алдымен Үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуымен тығыз байланысты болып отыр. Бағдарламаның бірінші бесжылдығында жүзеге асырылған 33 инвестициялық жобасының 30-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. 2015 жылдың қаңтар-қазаны аралығында өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемі 152 млрд. теңгені құрады. Бұл дегеніміз - жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінің 70%-ы. Еңбек өнімділігі соңғы үш жылда едәуір өсіп, 2015 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі адам басына 8 млн.теңгені құрады немесе 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31% -ға артты. Биыл облыста металлургия өнімінің көлемі артып отыр. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша саладағы өнім көлемі 11 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі (НКИ) 121% деңгейінде қалыптасқан. Еңбек өнімділігі әр адамға 7 млн.теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 48%-ға артқан. Бұл өсімге Индустрияландыру картасы шеңберінде ферроқорытпа өндіру («Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС), алтыны бар руданы қайта өңдеу кәсіпорындарын («АК «Алтыналмас» АҚ) қайта жарықтандыру арқасында қол жеткізілді. Индустрияландырудың екінші бесжылдығында, металлургия саласында, құны 37 млрд.теңгені құрайтын 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл, өз кезегінде, өңдеу өнеркәсібіндегі металлургияның үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Ғаламдық дағдарыс облыс экономикасына, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің салаларына кері әсерін тигізіп, 2015 жылдың қаңтар - қазанында тамақ өнімдерінің өндірісі (90,2%), жеңіл өнеркәсібі (73,7%), химия (78,5%), дайын металл бұйымдарының өндірісі (85,6 %), мұнай өнімдерін өндіру (88,4%), машина жасау (66,0%) салаларында өнім көлемі төмендеді. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында өңірде кәсіпорындар арасында тауарлар мен қызметтерді сатып алуда жергілікті қамтуды дамыту бойынша меморандумдар мен келісімшарттар жасалуда. 2015 жылдың 1 желтоқсанына жалпы сомасы 44 млрд. теңгені құрайтын 498 меморандумға қол қойылды. Оның ішінде металлургия саласындағы кәсіпорындармен 7 млрд. теңгеге меморандум жасалды. Сайлауалды тұғырнамада көрсетілгендей, химия өнеркәсібінде өнім өндіру көлемін 2017 жылға дейін 1,3 есеге ұлғайту және минералдық тыңайтқыштарды жыл сайынғы өндіруді 250 мың тоннаға дейін жеткізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыста өңдеу секторының 35%-дан астамын химия өнеркәсібі құрайды және оның Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі үлесі - 28 %. Үстіміздегі жылдың 10 айында 54 млрд.теңгеге химия өнеркәсібі өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңіне 78,5 пайызды құрады. Өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты салада еңбек өнімділігі адам басына 10 млн.теңгені (9,6 млн.теңге) құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға төмендеген. Соған қарамастан, индикатордың биылғы жоспары 63%-ға артық орындалды (3,7 млн.теңгеге). Бұл салада негізгі өндіруші «Казфосфат» ЖШС химия өнімдерінің 80%-дан астамын шетелдерге жіберуде. Компания ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге соңғы үш жыл ішінде 15,0 млрд.теңгеге 182,9 мың тонна тыңайтқыш өнімін жеткізді. Жалпы, индустрияландырудың бірінші бесжылдығында химия өнеркәсібінде сомасы 27 млрд.теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске қосылды. Бұдан басқа өңірде химия кластерін дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС, ресейлік ірі компанияның инвестициялары арқылы Жаңатас қаласында тау-кен рудасы кешенінің құрылысы жүргізілуде. Қаратау қаласында минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Бұл мақсатта 356 млрд.теңге жұмсалып, жаңа 2 мың жұмыс орны ашылмақ (2018 жылы). Сондай-ақ, Шу ауданында «Тараз» Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды. 505 гектар алқапта орналасқан бұл аймақта жылына 2 млн.тоннадан астам химиялық өнім шығаратын 16 жоғары технологиялық химия кәсіпорындарын құруды көздеп отырмыз. Мұнда да 2000 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Жыл соңына дейін аймақтың сыртқы инфрақұрылымын салу жұмыстары аяқталмақ (автомобиль жолы, темір жол, су және газ құбырлары). Бағдарламалық құжатта ел ішінде құрылыс материалдарын шығаруды 8,6%-ға ұлғайту жоспарланған. Үстіміздегі жылдың 10 айында құрылыс материалдары өндірісінің жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 10%-ды құрады. Өндіріс көлемі 21 млрд.теңгені құрап, 3 %-ға артты. Еңбек өнімділігі адам басына 19 млн.теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 65%-ға артқан. Атап айтқанда, Мойынқұм ауданында 2 цемент («Мыңарал тас компаниясы» ЖШС, «ACIG» АҚ) және гранит өңдеу зауыттары («Альбасар» ЖШС), Жамбыл ауданында темір-бетон бұйымдарының өндірісі және тұрғын үй - құрылыс комбинаты («Биномстрой деталь» ЖШС), Тараз қаласында алюминий радиаторы зауыты («Арайстроймаркет» ЖШС) осы саланың дамуына зор үлес қосуда. Бұл саланы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірқатар жаңа жобаларды іске асыру арқылы ары қарай дамытамыз деп ойлаймын. Жеңіл өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы үлесі 0,7%-ды құрайды. Есепті кезеңде бұл салада 1 млрд.теңгеден астам өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі 74% болды. Салада өнім көлемінің төмендеуі «ТаразКожобувь» ЖШС арнайы аяқ киім тігуге мемлекеттік тапсырыстың болмауы және тоқыма саласындағы «Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС-ның ұзақ мерзім бойы тоқтап тұру салдарынан болып отыр. Индустрияландырудың 2-ші кезеңінде алдағы жылы «Дэй ЛТИ 2013» ЖШС қой терісін және ірі қара мал терісін өңдеу және жүнді жуу бойынша құны 385,0 млн.теңгені құрайтын жобаны іске асырмақ. Онда 80 жұмыс орнын ашу көзделуде. Жалпы, 2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында еңбек өнімділігі 1,5 млн.теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 57 пайызға артқан. Облыс экономикасына инвестиция тарту бағытына келсек, 2012 жылы «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-ның жанынан Жамбыл облысының Инвесторларға қызмет көрсету орталығы құрылған. Бүгінгі күні өңірде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен көлемі 103 млрд.теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асты. Одан басқа, құны 837 млрд.теңге болатын 13 жоба іске асырылуда. Сонымен қатар, келешегі бар 20-дан астам инвестициялық жоба бойынша келіссөздер жүргізілуде. Ел іргесі берік, халықтың көңіл күйінің жоғары болуы – азаматтардың әлеуметтік хал-ахуалының жағдайына байланысты. Партия тұғырнамасында адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау жаңа әлеуметтік саясатына басымдылық берілген. Атап айтқанда, облыста кемінде 1 млн.360 мың шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз ету жоспарланған. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының іске асырылуы ықпал етті. 2012-2014 жылдары барлық қаржыландыру көздерінен 741 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл алдыңғы үш жылдық (2009-2011 ж.ж.) кезеңнен 7,3%-ға жоғары. «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасының тұрғын үй бағыты бойынша үстіміздегі жылы 259 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Он айдың қорытындысы бойынша 330 мың шаршы метрі пайдалануға беріліп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға артып отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» жүйесі арқылы 27 мың шаршы метрді құрайтын 4 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, 3,0 мың шаршы метрді құрайтын бір тұрғын үй тапсырылса, 3 үй жыл соңына дейін халық игілігіне беріледі (жоспар – 10,4 мың. м2). Жалпы, 2012-2015 жылдар аралығында пайдалануға берілген тұрғын үй аумағы 1,0 млн. шаршы метрді құрайтын болады. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуді қамтамасыз ету партияның басты назарында болды. Облыста 1574 көп пәтерлі тұрғын үй болса, оның бүгінгі күнге 561 үйі немесе 36% -ы күрделі жөндеуді қажет етеді. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде 2011-2015 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен бөлінген жалпы 2 млрд.760 млн.теңгеге 194 үй жөндеуден өтті. Жалпы, 2010 жылдан бері жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі үстіміздегі жылы 12%-ға төмендеді. Бүгінгі күнге пәтер иелерінен жұмсалған қаржының 56%-ы ғана қайтарылды. Тараз қаласы мен Талас, Сарысу, Шу аудандарының әкімдері осы қаржыны қайтару бойынша жұмысты жандандыруы қажет. Сайлауалды тұғырнамада көрсетілген орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша индикаторлық көрсеткішке қол жеткізіліп отыр. Ағымдағы жылы барлығы 7 жобаны іске асыруға 3 млрд. 400 млн.теңге бөлініп, жұмыстар аяқталу үстінде. Нәтижесінде, 70 шақырым желі ауыстырылады және қала тұрғындарының 85%-ы орталықтандырылған сумен қамтылатын болады. Коммуналдық жүйелерді жаңғырту жұмыстары да партия тұғырнамасын іске асырудың аймақтық жоспарына сәйкес жүргізілуде. Облыстың жылу желілерінің жалпы ұзақтығы 334 шақырымды құрайды. Облысты дамыту бағдарламасына сәйкес 2011 жылы 165 шақырым, оның ішінде Тараз қаласында 81 шақырым жылу беру желісі ауыстырылған (ішкі кварталдық жылу желілері), Шу қаласында жылу беру желісі толығымен жаңартылған. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Жаңатас және Қаратау қалаларында соңғы екі жылда тозығы жеткен жылу желілері толығымен жаңартылды. Бұл бағыттағы басты мәселе - Тараз қаласында жылу желілерінің тозығы 70%-ға жетіп отыр. Бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ішкікварталдық және магистралдық жылу желілерін ауыстыру бойынша 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленуде. Алдағы 5 жылда 22 шақырым жылу желісін ауыстыруды жоспарлап отырмыз, оған республикалық бюджеттен 17 млрд.теңге қажет болады. Биыл бағдарлама аясында 880 млн.теңгеге 2 жоба жүзеге асырылуда. 2015 жылы облыс аумағында орналасқан электр желілерінің 1814 шақырымы (0,4-110 кВ) және 308 трансформаторлық қосалқы станса жабдықтары (108,52 МВт) күрделі жөндеуден, 7247 шақырым электр желісі мен 1188 трансформаторлық қосалқы стансасы ағымды жөндеуден өткізілді. Газдандырылған елді мекендер саны 150-ге жетті (147 ауылдық елді мекен, 3 қала), нәтижесінде елді мекендердің 40%-ы, ал тұрғындардың 60%-ы «көгілдір отынға» қол жеткізді. Дегенмен, газ құбырларының және жабдықтау бөлшектерінің тозығы 66%-ды құрап отыр. 2012-2015 жылдары Тараз қаласында ескірген 632 шақырым болат құбырлары полиэтилендік газ құбырына ауыстырылды. Ендігі кезекте 2016 - 2020 жылдары 1119 шақырым газ құбырларын ауыстыру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы облыс қалаларында атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының арқасында тозығы жеткен су жүргізу және су бұру желілерінің 70 шақырымы жаңғыртылып, жөндеуді талап ететін желілер көлемі 60%-ға төмендейтін болады. Өндіріс саласында энергияны үнемдеу жобаларын жүзеге асыруға отандық және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Нәтиже жоқ емес. Ағымдағы жылы қуаты 50 МВт құрайтын Жуалы ауданында күн электр стансасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Қордай ауданында орналасқан қолданыстағы 11 МВт құрайтын жел электр стансасының қуаты 21 МВт-қа дейін жеткізілмек. Биыл жергілікті бюджет есебінен 264,0 млн.теңгеге Тараз қаласының 11 орталық көшесінің жарығы энергия үнемдейтін светодиодты шамдарға ауыстырылды. Алдағы уақытта қала және аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың, сондай-ақ, олардың құрылымдық мекемелерінің жыл сайын энергия тұтыну көлемін 10%-ға төмендету мәселесі қарастырылуда. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет есебінен Тараз қаласы мен шағын қалаларда барлығы 70 үйге энергетикалық аудит жүргізілді (жоспар -80). Бұл ретте, энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы мен қала әкімдері энергетикалық аудит жүргізу жоспарын орындауды қамтамасыз етуі қажет. Біздің партия әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасы оның тұратын жеріне қарамастан, бірдей жоғары болуы тиіс деген берік қағидатты ұстанады. Осы орайда, аймақтық жоспардың «Болашақтағы ауыл» тармағы бойынша Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, 17 тірек ауылдық елді мекеннің тізімі анықталып, оларды дамытудың кешенді жоспары әзірленді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес, облыста жергілікті өзін-өзі басқаруға қаржылай қолдау және қалалардың инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту басымдықтарын 2012-2014 жылдары жүзеге асыруға бюджеттен 4,2 млрд.теңге бөлінді. Бағдарлама шеңберінде 605 млн.теңгеге облыстың жоғары және орта даму әлеуеті бар 188 елді мекенінде жарықтандыру, көгалдандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу сияқты 264 шара іске асырылды. Тұғырнамадағы аудан орталықтары мен ауылдарда 11 жаңа балабақша ашу жоспары 400 пайызға орындалып, 38 балабақша ашылды. 2012-2015 жылдары ауылдық елді мекендерде 110 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді. Оған барлығы 1 млрд. 800 млн.теңге жұмсалды. 2017 жылға дейін ауылдық eлді мекендердің 71%-н орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізіліп келеді. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2011-2014 жылдары 17 млрд. теңгеге 54 ауылдық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, ауыз судың орталықтандырылуы 60 пайызға жетті. Ал, үстіміздегі жылы 8 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз етуге республикалық және жергілікті бюджет есебінен 1,8 млрд.теңге бөлінген. Бұл жыл соңына қарай 373 ауылдық елді мекеннің 61 пайызын (229 е.м. - 504,9 мың адам) және ондағы ауыл тұрғындарының 77%-ын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2012-2013 жылдары 7 млрд. 200 млн.теңгеге облыстық және аудандық мәндегі 26 шақырым автомобиль жолдары күрделі және 192 шақырым жол орта жөндеуден өтті. Партияның Сайлауалды тұғырнамасын іске асырудың аймақтық жоспарында экспорт әлеуетін дамыту және өнімділікті 2 есеге ұлғайту арқылы агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты қойылған. Үстіміздегі жылы агроөнеркәсіп кешенін қолдауға барлық көздерден 7 млрд. 800 млн.теңге бөлінді. Жалпы көлемі 16 млрд.теңгені құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Салада 147 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі 4,3 пайызға артты. Биыл ауыл шаруашылығына қолайлы жыл болып, егін шаруашылығының өнімдерін өсіруге, масақты дәнді дақылдардың түсімділігін өткен жылмен салыстырғанда екі есеге арттыруға мүмкіндік берді. Әр гектардан алынған орташа өнім 16 центнерді құрап, 183 мың тонна өнім артық алынды. Сонымен қатар, алғаш рет 143 гектарға үдемелі бақтар отырғызылды. Меркі ауданында ғылыми негізде элиталық 300 мың көшет өсіріліп, шаруашылықтарға сатылды. Өсімдік бағытында өнімділікті арттыру мақсатында 2020 жылға дейін тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын 5,6 есеге ұлғайтуды көздеп отырмыз. Ірі қара мал етінің экспортын дамыту, «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының қаржылық тетіктерін пайдалана отырып, сала өнімін еселеп арттырудың мүмкіндігі зор. Осы орайда, шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асырып, экспорттық әлеуетті дамыту маңызды. Бүгінде малайзиялық кәсіпкерлермен бірлесіп, Меркі ауданында «Агростан» серіктестігі бордақылау кешенінің құрылысын бастауда. Алдағы уақытта 3 мың басқа дейін мал әкелуді жоспарлап отыр.Сондай-ақ, Мойынқұм ауданында «Мойынқұм Агро» серіктестігі 3 мың басқа арналған бордақылау кешенін және ет бағытындағы 5 мың бас мүйізді ірі қара малға арналған репродуктор құруда. Бүгінгі күнге Ресейден 600 бас асыл тұқымды мал әкелінді. Келер жылы облыста «Оңтүстік Халал тағамдары» серіктестігінің, құны 4,5 млрд.теңге құрайтын ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу инвестициялық жобасы іске асырылмақ. Бұл кәсіпорында толық циклды ет кластері құрылып, қайта өңделген ет өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік туады. Биыл «Ырыс» бағдарламасы бойынша облыста 12 сүт-тауарлы фермасын құру жұмыстары жүргізілуде, «Сыбаға» бағдарламасы аясында 3350-ге жуық бас аналық мүйізді ірі қара мал сатып алынды. Осы орайда, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізі бойында басталған шағын сүт тауарлы фермаларын ұйымдастырудың тиімділігі сөзсіз. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі өткен жылы адам басына шаққанда 800 мың теңге құрап, индикаторлық көрсеткіш 3 есе артық орындалды. Партия 2017 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызға дейін қысқарады деп жоспарлаған еді. Дегенмен, біз қазірдің өзінде 5 пайыздық деңгейге жетіп отырмыз. Халықты жұмыспен тұрақты әрі нәтижелі қамту, жұмыссыздықты қысқарту үшін «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасын» іске асыру барысы партияның тұрақты бақылауында. 2012-2015 жылдары аралығында бағдарламаны қаржыландыруға 18 млрд.теңге бөлінді. Бағдарламаға қатысқандар саны 29 мыңға жуық адамды құрады. Осы кезеңде барлығы 113 мыңнан аса адам жұмысқа орналастырылды.Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін іске асыру нәтижесінде, ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,0-ден 4,9 пайызға төмендесе, 15-28 жас арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7,0 ден 4,9 пайызға төмендеді (15-24 жас арасында 4,7 пайыздан 4,8 пайызға өскен). Жалпы, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыс бойынша кедейшілік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 0,6 дан 0,4%-ға дейін азайды. Сондай-ақ, атаулы көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті азаматтардың үлесі де 32%-дан 28%-ға дейін (3,8%) төмендеп отыр. Тұғырнаманы іске асыру барысында түрлі мақсатты топтарға бағытталған партиялық жобалар жүзеге асуда. Мәселен, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 5 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 571 адам жұмысқа орналасты. Облыс бойынша жалпы мүгедектер саны 42528, бұл облыстағы барлық халық санының 3,9%-ын құрайды. Ал еңбекке жарамды жастағы мүгедектердің саны – 11808 адам. Оларды қоғамға бейімдеуде жарқын істер де баршылық. Мысалы, «Инватакси» қызметіне қажетті қаржы бөлініп, 10 автокөлік 5 бағыт бойынша (Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Шу, Қордай аудандары) мүгедектерді қажетті жерлеріне тасымалдайды. Облыс бойынша жаңадан салынған немесе іске қосылған ғимараттар мен инфрақұрылым нысандары заң талаптарына сай мүгедектерге бейімделген. Мектептердің 30 пайызында мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуы үшін жағдай жасау жоспарланса, облыс бойынша 34,2 пайызды құрап, партияның Сайлауалды тұғырнамасындағы индикаторлық көрсеткіш 4,2 %- ға арта түсті. Бүгінде облыстағы 449 мектептің 154-інде мүмкіндігі шектеулі балалардың кедергісіз мектепке кіріп-шығуына толық жағдай жасалынып, инклюзивті білім алуы қамтамасыз етілген. Жетім балалар мәселелері де Сайлауалды тұғырнамадан тыс қалған жоқ. «Бақытты балалық» жобасы аясында облыста 2014 жылдан бастап мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне білім депозиттерін ашу жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылдың басынан бері балалар үйлерінің 347 тәрбиеленушісіне білім депозиттері ашылды. Тараз қаласы мен Меркі, Жамбыл аудандарында жаңадан 10 отбасы үлгісіндегі балалар үйлері ашылды. Қорғаншылық, қамқоршылық және патронаттық тәрбиедегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 157 (2014 жылы) балаға тұрғын үйлер берілді. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында соңғы үш жылда 1025 маманға 189 млн.теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіліп, оның ішінде 493 маман (1 240,2 млн.теңгеге) тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл бағытта жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Құрметті әріптестер!
Партияның Сайлауалды тұғырнамасында дамудың жаңа кезеңінің міндеттерін табысты іске асырудың басты шарты - ұлттың бірлігі мен тұтастығы. Қазіргі уақытта күллі әлемді дүрліктіріп жатқан Таяу Шығыстағы, Еуропадағы оқиғалар орын алып жатқанда, еліміз азаматтық бірегейлік пен халықтар дәстүрін сақтаудың үлгісін көрсетіп отырғаны өздеріңізге мәлім. Бұның көрінісі - биылғы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ел Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өткізілген іс-шаралар. Атап айтқанда, Ассамблея жылына арналған 260-тан аса іс-шара өткізіліп, облыстың әрбір төртінші тұрғыны қатысқан «20 ізгілікті іс» акциясы барысында 1 млрд. 348 млн.теңге көлемінде қайырымдылық акциясы өткізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында жергілікті орындарда «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын іске асыру ерекше мәнге ие болды. 399 партия ұйымдары мен 2916 «жасотандықтар» Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлеріне және қамқоршысы жоқ жалғыз басты адамдарға тұрақты түрде атаулы көмек көрсетуде. «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өзінің жұмысындағы маңызды басымдықтардың бірі ретінде қарайды. Партия облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырыстарында «Нұр Отан» партиясының мүшелері-4 басқарма, 32 бөлім басшысы, 4 аудан әкімі, 2 аудан әкімінің орынбасары, 13 ауылдық округ әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жұмыстарының жағдайы туралы есептері тыңдалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша биылғы жылға арналған іс-шаралардың аймақтық жоспары әзірленген. Дегенмен, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың көріністері әлі де орын алуда. Сондықтан, жұртшылықты және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша Қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыру керек. Партияның халықпен біте қайнасу тетігінің бірі - қоғамдық қабылдау. Партияның облыстық және аумақтық филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 5087 өтініш келіп түскен. Оның 1424-і шешімін тапты. Өтініштердің 4,6%-ы партия жобаларын іске асыру бойынша түсті. Бүгінде облыстық және барлық аумақтық филиалдарда электрондық партия жүйесі арқылы электрондық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Бұл халық пен партияның байланысын күшейте түсті. Өтініш беруші «Нұр Отан» партиясының сайты арқылы өз өтініштерін тіркеуге мүмкіндік алды. Барлық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде бейнебақылау камералары орнатылып, жұмыс барысының ашықтығын айқындайтын жүйе жұмыс істеуде.
Құрметті «нұротандықтар»!
Партияның Сайлауалды тұғырнамасының мақсатты көрсеткіштерін орындау бойынша оң нәтижелерге жетіп отырғанымызды баяндадым. Әлемде орын алып жатқан тұрақсыз жағдайға қарамастан, облысымыз жоспарлы түрде дамуда. Енді экономиканың секторларында қол жеткізілген деңгейді одан әрі ұлғайтуымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылдың 30 қараша күнгі Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Бүгінгі ахуал - біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. «Біріміз - бәріміз үшін, бәріміз - біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз!» – деп атап өтті. Партияның барлық ресурстарын осы мақсаттарды орындауға жұмсап, жамбылдықтардың хал-жағдайының төмендеп кетпеуіне баса назар аударуымыз қажет. Саяси кеңестің Бюросы мен партияның қалалық және аудандық филиалдарының төрағаларына Елбасы Жолдауы мен дағдарысқа қарсы облыстық жоспар
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді