Жандарбек АСАН, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», – деген еді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде «Мәңгілік Ел» идеясын оқу бағдарламасына енгізу керектігін, бұл идеяның қазақстандықтар үшін ең маңызды құжатқа, екінші конституцияға айналуы қажет екенін баса айтты. Расында, біз «Мәңгілік Ел» идеясын зерттеп, зерделеуге, насихаттауға тиіспіз. Осы тақырыпты оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермей, оны жүзеге асыруға ат салысуға шақырамын. Біздің қоғам өзінің ерекшеліктеріне қарай, гуманизм, патриотизм, төзімділік, адамгершілік, ұлтаралық сыйластық пен ашықтық ұстанымдарын әрқашан алға қояды. Бұл құндылықтар Қазақстандағы барлық ұлттар мен этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады. Ал оны мектеп бағдарламасына енгізіп, жас ұрпақтың санасына сіңірудің маңызы зор. Президент алға қойған зияткерлік реформасы – болашағы біртұтас ұлтты – яғни, Қазақстанды одан әрі дамытуда қоғамды «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы төңірегінде топтастыру әдісі. Елдің өркендеуі мен тәуелсіздігі, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік, әділдік, заңның басымдығы, отбасы және дәстүрлер – бұл құндылықтардың бәрі мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің тұғырлы іргетасы екені сөзсіз. Елбасы бес халықтық реформаның ішінде тарихтың жаңа белесінде ұлттың бірлігін нығайтуды да тілге тиек етті. Мемлекет басшысы айтқандай, біздің қоғамымыздың көптүрлілігі – біздің күшіміз. Барлық азамат құқығы да, жауапкершілігі де тең және түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты және біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда көп тілді және мәдени ортада қалыптасты. Бірлігі мықты, іргесі бүтін елдің қашанда ырыздығы мол. Татулықтан асқан құндылық жоқ. Бүгінде еліміз осынау баға жетпес байлығымен мақтана алады. Ата-бабаларымыздың арқасында халқымыз дүниежүзі бойынша ең бай да құнарлы ұлан-байтақ жердің иесі атанды. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы тұрақтанды. Мұның бәрі де Елбасымыз жүргізіп отырған сарабдал саясаттың жемісі. Мемлекет басшысының тікелей ықпалымен өмірге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде татулықтың тал бесігіне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың темірқазығына айналды. Бұл – әлемде теңдесі жоқ құрылымның жиырма жылдағы жарқын жеңісі һәм жемісі.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді