«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кішкентай Кәусардың үлкен жеңісі

Кішкентай Кәусардың  үлкен жеңісі
ашық дереккөз
Кішкентай Кәусардың үлкен жеңісі

Еліміздің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай каратэ-до спортынан өткізілген Алматы қалалық ашық біріншілігі тартысқа толы болды. Аталған спорт додасында жерлесіміз Кәусар Естеусіз жасөспірімдер арасында 25 келі салмақта бақ сынап, алдына жан салған жоқ. Ол біріншілік барысында үш қарсыласын жарыс жолынан шығарып, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Жерлесіміздің бұл алғашқы алтын жүлдесі емес. Тараз қаласындағы №51 орта мектептің 4-сыныбында оқитын Кәусар Қыранқызы осы кезге дейін Қырғыз Республикасында өткен халықаралық тур­нирде, Шымкент қаласында өткен республикалық турнирде алтыннан алқа тағынған. Бұл жарыстарда чемпиондық тұғырға жету үшін бес спортшыны жеңген. 

– Жеңіс жолы қашан да оңай келмейді. Жеті жасымнан каратэ-до спортымен шұғылданып жүрмін. Бұл спорт түрі өзіме ұнайды. Жеке бапкерім Дәулет Қосақов әр жарысқа сапалы, жоғары деңгейде дайындап жүр. Жеткен жеңістерім үшін «Дәулет» спорт клубына, спорттағы жанашыр жетекшілеріме алғыс айтқым келеді, – дейді жасөспірім жеңімпаз.

Есет Досалы, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар