WBC Президенті Маурисио Сулейман қос боксшының промоутерлері келіссөз жүргізіп жатқанын айтты
Кәсіпқой бокста WBA (super), IBF, IBO, WBC (interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC тұжырымы бойынша әлемнің тұрақты чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес жетінші желтоқсанға дейін өзара өткізілетін жекпе-жек мәселесін шешуі керек. Мексикалық боксшы Альварестің проумоутерлері «Golden boy» компаниясы мен Головкиннің командасы тарапынан «К 2» промоутерлік компаниясы өзара келісімге келе алмаған жағдайда бүкіл әлемдік бокс қауымдастығының толыққанды чемпионы болып Геннадий Головкин танылып, Альварес атағынан айырылуы тиіс. WBC Президенті Маурисио Сулейман: «Мен екі тараппен де сөйлестім, қос боксшының командалары өзара келіссөздер жүргізіп жатыр. Әзірге жаман емес сияқты. Егер келісімге келген жағдайда бұл жекпе-жек келесі жылы өтетін басты кездесулердің біріне айналады. Өз басым екі боксшы да мұндай жекпе-жек өткізуге мүдделі деп пайымдаймын. Соған анық сенемін. Алдағы күні «Golden boy» мен «К 2» промоутерлік компанияларының өкілдері маған келіссөздер туралы хабарлайтын болады», – деп өз ойымен бөлісті. Естеріңізге сала кетейік, WBC белдігін Мигель Коттоға қарсы кездесуде жеңіп алған Альварес бұған дейін Геннадий Головкинмен 70,3 келі салмақта жұдырықтасуға әзір екенін мәлімдеген болатын. Ал бүкіләлемдік бокс қауымдастығының чемпиондық белбеуі 72,6 келі салмақтағы боксшыға тиесілі болуы керек. Головкин Альварестің қитұрқы әрекетіне келісе ме? Мәселе сонда. Келіссөздердің нәтижесін алдағы аптада толығырақ жазатын боламыз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




