жаңа міндеттер мен мақсаттарды белгіледі
Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Біздің халқымызда «Ұлы сөзді халқыңа айт, жылы сөзді көршіңе айт!» деген бір нақыл бар. Ешқандай артық әсерлеу емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын оқыған сайын осы ақылды сөз еске түседі. Ұлы Дала елі – Қазақстанның арғы-бергі тарихына көз салып, ой жіберіп қарасақ, ұлт тарихында ұмытылмастай болып, халық зердесінде ұдайы жаңғырып тұратын кезеңдер мен сәттер аз емес. Солардың ең ардақтысы - туған халқын жақсылыққа жетелеп, өркенді даму жолына бастаған ұлы тұлғалардың қажырлы іс-әрекеті, өшпес өнегесі, айбынды және асқақ тұлғасы болса керек. Себебі, ондай кісілер елі мен жері үшін ұлы істерді атқара біледі. Ашығын айту керек мұндайда, бай-манапқа да, дүниенің тұтқасын ұстадым деген небір дәулердің де басына бақ қонып, қыдыр дари бермейді. Біз мұны жеке өмірін тек байлықпен, алтын-ақшамен ғана өлшеп, сондай ыңғайда ғана ел-жұртымен санаса білетін әлдекімдер болса, ол ешқандай елдік абыройға жеткізбейтінін еске салып кеткіміз келеді. Мемлекет басшысы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын нығайту арқылы адал еңбектің, маңдай тердің әділ қайтарымы Отанымызды гүлдендірумен айқындалатынын жиі айтып келе жатқанын білеміз. Бұл – өте керек іс. Есте әрдайым ұстауымыз қажет. Сонда ғана адамдардың қасиеті артады, қоғам орнықты әрі мәнді болады. Ғибратты тағылымның түпкі мәніне үңілсек, сөзсіз, елдік қасиетті ардақтаудың аманаты деп түсінуіміз керек. Тәуелсіз Қазақстанды сонау 1997 жылдары, қиын кезеңде, оны ешкім естен шығара қойған жоқ, енді-енді қабырғасы қатайып, еңсесі көтеріле бастаған шақта, алдағы 2030 жылға дейін Даму стратегиясын жария еткенде, көп адам бұл үлкен мақсатқа шүкір деп қарағанымен, осы қалай болар екен деген ойды да айтқан. Ұлт Көшбасшысы халқын ұлы арманға жеткізді. Мемлекеттің төрт құбыласы түгенделді, бойын тіктеп, өсті, өнді. Дүниежүзіне ізгіліктерімен, бейбітшілік сүйгіш қадамдарымен, өзіндік даму моделі бар, беделді әрі қабырғалы ел болып танылды. Еліміз ең дамыған 50 елдің қатарына қосылып үлгерді, Елбасы Қазақстанды енді әлемдегі ең таңдаулы 30 мемлекеттің қатарына қосып, «Мәңгілік Ел» тұғырына нық қондыруды мақсат етіп отыр. «Мәңгілік Ел» болу идеясы ұлан-ғайыр істердің ұйытқысы, соған жетелейтін халықтық күш-қуатқа ие болмақ. Біздің қоғамда жақсылық атаулының бәрі Елбасы Жолдауынан бастау алатыны тарихи дәстүрге айналып, ол елдік сенім болып қалыптасты. Бұл, шындап келгенде, тарихи құбылыс. Әлемдік саясаткер қай заманда да тығырықтан шығаратын жол көрсетіп, соған өзі ұйытқы әрі тірек болады. Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында жаңа жаһандық ахуал жағдайында өсу мен дамуды міндеттеп отыр. Әлемдік әртүрлі факторларды есепке алса да, түрлі қиындықтар халықаралық экономикалық даму жолында айқын сезілгенімен, сол аласапыран заманға сай амал бар, жоспар бар екенін ашық айтты. Жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстандық дамудың жолын, жаңа міндеттер мен мақсаттарды белгіледі. Елбасы алысты болжай біліп, саясатты да, экономикалық дамуды да сарапқа салып, әбден тиянақтап, қалай жұмыс істеу керек екенімізді жан-жақты көрсетті. Үкімет пен жергілікті атқару органдарының ұқыптылық және ыждаһаттылықпен жүзеге асыруға тиіс нақты міндеттерді айқындап берді. Қазақстанның саналы, Абайша айтқанда, толық, көркем азаматтары үшін әлеуметтік жауапкершілікті күшейту ерекше маңызға ие. Біздің мемлекет тәуелсіздік жылдары ішінде адамдардың көп тірлік жасап, жаңа заманға сай өсіп, өркендеуіне, тұлғалық деңгейлерінің қалыптасуына, қабілеті мен іскерлігіне қарай бақуатты болуына барлық жағдайды жасады. Мықты өмір кешу үшін мейлінше мол қамқорлық көрсетті. Енді, иә, сын сәтте дәулетті адамдардың, көзі ашық, көкірегі ояу, білімді де білікті жандар туралы айтып отырмыз, олар қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігі одан әрі арта түскенін сезініп, мәдениетті, ел қатарлы қарапайым, мейманасы тасыған қалыппен емес, жұртпен бірдей өмір сүруге дағдылануы қажет. Адам сапасы өздігінен артып кетпейді, оны биікке шығару үшін біздің қоғамда өнегелі азамат, үлгілі отбасы көп болуы керек-ақ. Мысалы, дені сау ұрпақ өсіру үшін жасалып жатқан бастамалар мен идеяларға нақты қолдау көрсету жалпы жұрттық мағынаға ие болады әрі ол ұлттық қазынаға айналады. Қоғамды өсіретін құндылықтарды молайтып, ортақ игіліктерді жасау – ізгілікті, иманды кісілердің борышы әрі парызы. Біз қазіргі қоғамда талап пен талғамның өзгергенін жақсы білеміз, көп нәрсеге тереңірек мән бере қоймаймыз, бәрін ақша шешеді деген ұғымды кейінге ысырып, адал, еңбекқор, жақсылық жасауға бейім адамдарды құрметтеу оларды лайықты сыйлау мәселесі тәрбиенің негізі болуы тиіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауының өн бойында халық деп соққан жүрегі бар, мемлекеттік абырой деп тізгінді берік ұстаған ұлы сенім бар, туған халқын «Мәңгілік ел» болуға жетелеген саяси күш-қуат бар. Жасампаздыққа жетелейтін қасиет те осы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді