AIBA Pro boxinG жобасының електік кезеңінде қазақстандық боксшы Антон Пинчук неміс оғланы Девид Грэфтен басым түсті
Кәсіпқой бокстан WBA super, WBO, IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Владимир Кличко ұлыбританиялық Тайсон Фьюриге Германияның Дюсселдорф қаласында есе жіберіп, атағынан айырылғаны баршамызға мәлім. Сол бокс кешінің андеркардында AIBA pro boxing жобасының аясында шаршы рингке көтерілген қазақстандық былғары қолғап шебері Антон Пинчук (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) жергілікті боксшы Девид Грэфпен қолғап түйістірді. 8 раундтан тұратын шайқаста қарсыласын толассыз шабуылдың астына алған Антонның соққылары діттеген нүктеге дөп тиіп жатты. Бір-екі раундта ғана ринг иесі Антонның аптығын басуға талпынғанымен, жалпы кездесу барысында қазақстандық өреннің мықтылығы көзге айқын аңғарылып тұрды. Қос қапталдан бағыттаған соққылары мен апперкоттарын нысанаға жеткізе білген Антонның жеңісіне төрешілер ешқандай да күмән келтірген жоқ. Антон алдағы уақытта жоба жеңімпазы атануға күш салмақ. Бұл салмақта Пинчукке дейін Василий Левит Олимпиада лицензиясын қанжығаға байлағаны бәрімізге мәлім.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




