Спорт және туризм
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Германияға есе жіберді
- author «Ақ жол»
- 11 мамыр, 2014
- 1.1k
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Германияға есе жіберді
Минск қаласында жалауын көтерген хоккейден әлем біріншілігі Қазақстан ұлттық құрамасы үшін жеңіліспен басталды.
Кеше айдынға Германия хоккейшілерімен шыққан жерлестеріміз негізгі уақытта тең ойнап, буллит сериясынан ұтылып қалды. "Арена-Минск" айдынында өткен кездесудің негізгі уақыты 1-1 есебімен аяқталған.
Алғаш болып қарсыластың қақпасына шайбаны 11 минутта қазақстандық Андрей Гаврилин соқты. Кевин Даллмэн мен Федор Полищуктің пасын ұтымды пайдаланған Андрей ұтымды сәтті мүлт жіберген жоқ. Ал, осы бірінші кезеңнің соңғы минутында Германия тарапынан Маттиас Плахта есепті теңестіріп, командасын жеңілістен құтқарып қалды.
Осы тең есеп негізгі уақытта да, овертаймда да сақталып, ойын тағдыры буллит сериясында шешілген болатын. Қазақстандық Дмитрий Уппердің бір шайбасына немістер екі шайбамен жауап қайтарды.
Қорытынды есеп 2:1, Германияның пайдасында.
Бүгін жерлестеріміз алаң иелері Беларусь хоккейшілерімен бақ сынасады. Ойын Астана уақытымен 20.30-да басталмақ.
Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




