Бәле қайда? табан астында!
Адамның бәрі «өлмек үшін туылған». Өлімнің ертелі-кеш әйтеуір бір келетіні ақиқат. Алайда, әр адамның ажалы әртүрлі болып жатады. Тіпті, адам айтса нанғысыз өлімдер де болады. Солардың бірқатары мынадай:
1567 жылы австриялық Ханс Штайнингер өзінің сақалына сүрініп өлген. 1958 жылы британдық актер Гарет Джонс жүрек талмасы ұстап қалатын кейіпкердің рөлін сомдап жатқан жерінде, шын мәнінде жүрегі тоқтап қалған. Алайда, айналасындағылар оны рөлге шын беріліп кетті деп түсініп, еш қарекет жасамаған.
Джеймс Хенселден, «Segway» компаниясының басшысы, өзі жасап шығаратын Segway құралымен Англия шатқалдарының бірінде құлап өлген.
1923 жылы Франк Хейс ат жарысындағы алғашқы өлі жеңімпаз атанды. Олай дейтініміз, ол мәре сызығына жете бергенде жүрегі «жарылып» кеткен.
Климент Валландигам есімді америкалық адвокат қаза болған адам қалай өз-өзін атып жіберуі мүмкін екенін дәлелдеймін деп тура сот залында өзін байқамай атып өлтірген. Ол істі жеңіп шыққан өлі адвокат атанды.
Ал Шееле есімді шведтік химик, химиялық қоспаларды еш қорықпастан татып көруімен әйгілі еді. Ақыр соңында ол химиялық уды ішіп өлген.
Сунанд патшайымы Кумариратана Сиама 1880 жылы өзін айнала қоршаған көптеген қызметшілері мен күтушілерінің көзінше суға тұншығып өлген. Ал көмек көрсетілмеуінің себебі, қызметшілердің оған қолдарын тигізуге құқықтары жоқ және тыйым салынған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді