ҚР Бас прокуратурасының кубогына арналған шағын футбол мен волейбол чемпионаты өтті
Тұңғыш Президент күніне және прокуратура органдарының кәсіби мерекесіне орай, «Тараз-Арена» спорт сарайында прокуратура органдарының, ведомстволарының және мекемелерінің арасындағы Республика Бас прокуроры кубогына арналған шағын футбол мен волейболдан чемпионат өтті. Оған еліміздің әр аймағындағы прокуратура қызметкерлерінен құралған сегіз команда қатысып, бақ сынады. Саламатты өмір салтын арттыруға негізделген шараны облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және ҚР Бас прокуратурасының кадр департаменті материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша бабы келісіп, бағы жанған үздіктер анықталды. Айталық, шағын футбол додасында ҚР Бас әскери прокуратурасының құрама командасы жеңімпаз атанcа, ҚР Бас прокурорының құрама командасы жүлделі II орынды иеленді. Ал Маңғыстау облысы прокуратурасының құрама командасы III орынға лайық деп табылды. Сондай-ақ, аталмыш чемпионаттың волейбол жарысында Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының командасы жеңімпаз атанса, Маңғыстау облысы прокуратурасының құрамасы II орынды жеңіп алды. Ақмола облысының прокурорлары жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. Үздік ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншылар арнайы аталым бойынша марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚР Бас прокурорының орынбасары Нұрмаханбет Исаев марапаттап, құттықтады.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




