Мароккодағы самбодан әлем чемпионаты қазақстандықтар үшін сәтті өтуде
Самбодан Мароккода өтіп жатқан әлем чемпионатында 68 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Арман Оспанов алтыннан алқа тақты. Бұл жеңісі арқылы Арман Оспанов самбодан үш дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Ол финалдық кезеңде ресейлік қарсыласы Рашад Мурадовты тізерлеткен болатын. Айта кетейік, Оспанов әлем чемпионатында осымен үшінші мәрте қатарынан бұл салмақта топ жарып отыр. Сондай-ақ, аталмыш әлем чемпионатында қазақстандық Алмас Сүлейменов те өз салмағының үздігі атанды. 20 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сүлейменов финалдық кездесуде ресейлік қарсыласы Амыр Бакрасовтан айласын асырып, алтын алқаны иеленді. Осылайша, Қазақстан командалық есепте Болгария мен Ресейден кейінгі үшінші сатыда келеді. Қоржында – екі алтын медаль.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




