«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Екі алтын, екі қола медаль еншілеген

Екі алтын, екі қола  медаль еншілеген
ашық дереккөз
Екі алтын, екі қола медаль еншілеген

Жамбылдық журналистер республикалық спартакиадада бесінші орын иеленді

Орал қаласында Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Онда еліміздің әр өңірінен келген он бір командамен бірге облысымыздың құрамасы да өз бақтарын сынады. Барлығы 150-ге жуық БАҚ өкілдері қатысқан спартакиада спорттың тоғыз түрі бойынша өрбіді. Жарыс қорытындысында «Хабар» теле­арнасының командасы жеңімпаз деп табылып, I орын биігінен көрінсе, «Қазақстан» ұлттық арнасының құрамасы II орын, Ақтөбе облысының журналистері III орынды жеңіп алды. Аталған жарыста 2 алтын, 2 қола медаль иеленген жамбылдық журналистер жалпы командалық есепте бесінші орынға табан тіреді. Атап айтар болсақ, жүзу мен шахматтан алдарына жан салмаған жамбылдық журналист Диас Шаухаров пен Нұрмұханбет Мәуленов жүлделі бірінші орынды қанжығаларына байласа, жеңіл атлетикадан Эльдар Байділдаев пен гір тасын көтеруден Ғалымжан Есенбаев үшінші орынды қанағат тұтты. Облыс әкімдігінің спорт, дене шынық­тыру және туризм басқарма­сының басшысы Гамлет Қайнарбеков Оралдан жүлделі оралған журналистерді қабылдап, ізгі тілегін жеткізді. Он екі команда арасынан бесінші орынға қол жеткізу – облысымыздың абыройын арттырмаса кемітпейтінін айтқан Гамлет Төреханұлы оларға аяқдоп спортының бірыңғай жейделерін сыйға тартты. Өз кезегінде журналистер де басқарма басшы­лығының қолдауына риза­шылықтарын айтты.

Ұқсас жаңалықтар