Таразда ҚР Қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді
Желтоқсан айының 3 – 5-і күндері Таразда Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған ҚР Қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді деп күтілуде.
«Тараз-Арена» спорт сарайында өтетін федерация кубогына қазақ күресінен жиырмаға жуық клубтық команда қатысады. Олардың қатарында қазақ күресінен мамандандырылған мемлекетттік және жеке спорт клубтары, құрамында қазақ күресі бөлімі жұмыс істейтін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі және тағы басқа командалары бар. Федерация кубогында палуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша командалық сында «бетпе-бет» жүйесі бойынша кездесу өткізеді. Жарыста іріктеуден финалдық кезеңге дейін жеңіске жеткен 8 команда жолдама алады. Федерация кубогының жүлдегерлеріне қомақты ақшалай жүлде тағайындалып отыр. Айта кетейік, турнир ҚР Қазақ күресі федерациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өтпек.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




