тараздық Дінмұхаммед Қазыкеев Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирден олжалы оралды
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Өнер және мәдениет» факультетінің 1-курс студенті Дінмұхаммед Қазыкеев грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Түркияның Стамбул қаласында өткен байрақты бәсекеде 30-ға жуық мемлекеттен келген балғын балуандар бақтары мен баптарын сынады. Дүбірлі додада 96 келі салмақ дәрежесінде 20 жасөспірім өзара мықтыны анықтаған. Нәтижесінде, Д.Қазыкеев «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шығып», алтыннан алқа тақты. «Боз кілемде белдескен жас жігіттің жеңіске деген құлшынысы мен құштарлығы қуантады. Алдағы уақыттарда дайындықты күшейтіп, еліміздің абыройы мен беделін халықаралық додаларда асқақтата береміз», – дейді топ жетекшісі, факультет оқытушысы Қонысжан Танаев. Жас спортшының жаттықтырушысы Серік Қалдықұлов Дінмұхаммедтен үлкен үміт күтетінін айтады.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




