Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі кездесуін 7 қараша күні АҚШ-тың Майами қаласында өткізеді. Отандасымыздың кәсіби бокстағы 20-шы жекпе-жектегі қарсыласы – 34 жастағы мексикалық Алексис Камачо. Алексис Камачо бұған дейін 26 жекпе-жек өткізген. Ол оның 21-інде жеңіске жетіп, бесеуін жеңіліспен аяқтады.
Мәліметтерге сүйенсек, бұл кездесу он раундқа созылады және сол кештегі ең маңызды жекпе-жек болмақшы. Еске сала кетейік, 31 жастағы Қанат Ислам кәсіби рингте 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол бірінші орта салмақта WBA Fedelatin титулына иелік етеді. Соңғы кездесуінде ол колумбиялық Орландо де Хесус Эстраданы 4-раундтың алғашқы минутында нокаутпен жеңді. Айта кету керек, Қанат Ислам жақында кәсіпқой бокстағы әлемнің үздік компанияларының бірімен келісімшарт жасауды жоспарлап отыр.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




