Білектілер бәсекесі
Қол күресінен ашық Азия турнирі басталды Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде облыс әкімдігі спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен қол күресінен ашық Азия кубогы басталды. Бұл байрақты бәсекеге 12 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысуда. Аталған спорт додасының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, сөз сөйледі. Ерқанат Нұрбапаұлы Азия мемлекеттерінен келген спорт саңлақтарының қадамына сәттілік тіледі. Содан кейін сөйлеген Азия қол күресі федерациясының президенті Жиенбек Мұқанбетов, Азия қол күресі федерациясының бас төрешісі жапон елінің бұл турнирге қатысып жатқан спортшылары арасында үздіктері көп екенін айта келіп, білектілер бәсекесі тартысты өтетініне сенім білдірді. Өкінішке қарай, ең алғашқы тартыста еліміздің намысын қорғаған жамбылдық Жандос Талғат қарсыласына жол берді. Бұл турнир ересектер, жастар, жасөспірімдер, ардагер және мүгедек спортшылар арасында өтуде. Сонымен, Германия, Грекия, Жапония, Корея, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Украина және Қазақстан арасында дуы басым дода жалғасуда. Ашық Азия турнирінің қорытындылары жайлы газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




