Бәсі биік додаларда ел мерейін асырған спортшыларды құттықтаған облыс әкімі К. Көкірекбаев осылай деді
Олардың қатарында әскерилер арасында төрт жылда бір рет өтетін бүкіләлемдік ойындардың чемпионы, боксшы Асланбек Шымбергенов, Ресейдің Сочи қаласында өткен бүкіләлемдік «IWAS» додасының төрт қашықтық бойынша чемпионы, паралимпиялық жүзу спортының шебері Зульфия Габидуллина, аталмыш ойындардың паратхеквандо спорты бойынша жеңімпазы Өмірәлі Нышан болды.
Ел абыройын асырған спортшыларды қабылдаған Кәрім Нәсбекұлы құттықтауын Зульфия Габидуллинадан бастады. «Зульфия, сіздің жеңістеріңіз үшін қуаныштымын! Ұдайы сенім үдесінен шығып жүрсіз. Өмірәлі, Асланбек, жеңісті жорықтарыңыз жалғасты болып, биіктерді бағындыра беріңіздер! Мәртебелеріңіз биік болсын!» – деп өз ойын білдірген облыс басшысы Асланбек Шымбергеновтің болашағынан үлкен үміт күтетінін де жасырмайтынын тіліне тиек етті. Бірден айта кетейік, Сочи төрінде өткен додада еліміз иеленген бес алтын жүлдені де жамбылдықтар қанжығасына байлаған болатын. Оның төртеуін Зульфия Габидуллина иеленсе, бесіншісі Өмірәлі Нышанның еншісінде.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




