Бозбала кезінде бокс қолғабын Нұрсұлтан Әбішұлы да киген
Біздің Президент! Осы сөзді айтқанда, кеудеңді бір керемет қуаныш сезімі кернейді. Еліне деген махаббатын соқтықпалы-соқпақты саясат қана емес, ең алдымен өнген өлкесі, өскен ортасы оятқанынан шығар, бәлкім. Жазушымен жүздессе – жазушы, ақынмен ақылдасса – ақын, өнер иелерімен шүйіркелессе – өнерпаз, спорт саңлақтарымен пікірлессе – спортшы, жұмысшыдан жағдай сұрасса – жұмысшы, ғалымдармен мәслихат құрса – ғұлама деңгейіне көтеріліп кете баратыны, сірә, осы болмыс иелеріне ғана тән тамаша қасиеттің бәрі халқының қаны болып алпыс екі тамырында бүлк-бүлк соғып тұрғандығынан шығар, мүмкін. Мұны өмір жолы да айтып тұр. Басқасын өздеріңіз де білерсіздер, ал мына бір көне суретке назар салыңыздаршы: кімнің кім екенін қызыл тілдің көмегінсіз-ақ көкейлерге құйып тұр емес пе?!. Күні кеше ғана Нью-Йорктегі даңқты «Мэдисон-сквер-гарден» рингіне Ұлы Дала елінің иесі – Қазақ халқының шапанын киіп шығып, жеңіске жеткен және күллі әлем бір өзіне құлақ қойып, сілтідей тынып тұрған сәтте қазақ тілінде «Үлкен рахмет, Сіздерге!» деген Геннадий Головкинге хат жазды. Бақсақ, бұл – Мемлекет басшысы болған соң жасалатын кезекті мезіреттердің бірі емес, марапаттың ірісі – Қазақ деген халықтың атын әлемге танытқан талантты боксшыға деген біздің Президенттің ішкі жан дүниесінің шынайы ілтипаты екен. Оның ар жағында, кезінде өзі де киген бокс қолғабы мен өзі де еліктеп өскен атақты боксшыларға деген ықылас, құрметпен бірге Генажанға деген әкелік қамқорлық та менмұндалар. Біздің Президент! Осы сөзді айтқанда, кеудеңді бір керемет қуаныш сезімі кернейді. Еліне деген махаббатын соқтықпалы-соқпақты саясат қана емес, ең алдымен өнген өлкесі, өскен ортасы оятқанынан шығар, бәлкім. Қысқасы, «Біздің Президент!» деген бір ауыз сөзге хакім Абай тұжырған ТОЛЫҚ АДАМҒА тән қасиеттің бәрі сыйып тұр!
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді