Мұғалім оқушыларға Қазақстан тарихын рэп арқылы түсіндірді

Мұғалім оқушыларға Қазақстан тарихын рэп арқылы түсіндірді
ашық дереккөз
Мұғалім оқушыларға Қазақстан тарихын рэп арқылы түсіндірді

Әлеуметтік желіде Қазақстан мектептерінің бірінде тарих пәнінің мұғалімі оқушыларға сабақты рэп арқылы түсіндіріп жатқан видеосы пайда болды.

Видеоролик “ВКонтакте” әлеуметтік желісіндегі “Есьже, я приезжий” тобына жарияланды. Бейнеден Қазақстан тарих пәнінің мұғалімі оқушыларға Жоңғар хандығына қарсы қазақтардың күресін рэп арқылы түсіндіріп жатқанын байқауға болады.

Ал ұстазының бұл әрекеті оқушыларына ұнаса керек, оған қол соғып, қошемет көрсетеді. Әлеуметтік желі қолданушылары да мұғалімнің бұл әдісін жоғары баға берген.

Оқиға Қазақстанның қай өңірінде болғаны әзірге белгісіз.

Ұқсас жаңалықтар