Канада тұрғыны бос контейнерден 2 млн доллар тауып алды

Канада тұрғыны бос контейнерден 2 млн доллар тауып алды
ашық дереккөз
Канада тұрғыны бос контейнерден 2 млн доллар тауып алды

20151020154356Канада тұрғыны он жыл бұрын сатып алып, көпір ретінде пайдаланған жүк контейнерінің ішінде ештеңе жоқ екеніне сенімді болған.

 Күндердің күнінде Джон Уилсон оны ашып, ішінен құны шамамен 2 млн доллар болатын реактивті қозғалтқыш тауып алады.

«cbc.ca» порталы жазғандай,   қозғалтқышты тауып алған кезде  оған ең бірінші «түрмеге қамайды» деген ой келген. Уилсон бұл қозғалтқыштар бұрын Корольдік канадалық HMCS Athabaskan  флотының кемесіне орнатылғанын айтады. 1994 жылы жаңғыртылған кезде ескі қозғалтқыштарды алып тастап,  герметикалық контейнерлерге орналастырған, кейіннен, белгісіз себептермен бос контейнер ретінде сатылған.

Джон осы контейнерлердің бірін небәрі 400 долларға сатып алған.

Канада тұрғыны өзін қозғалтқыштың заңды иегері санайды, бүгінде құны 2 млн долларлық затты интернет-бәссаудаға сатылымға қоймақ.

Ұқсас жаңалықтар