Назарбаев елдің үмітін ақтағаны үшін Головкинге алғыс айтты

Назарбаев елдің үмітін ақтағаны үшін Головкинге алғыс айтты
ашық дереккөз
Назарбаев елдің үмітін ақтағаны үшін Головкинге алғыс айтты

pogudx6skljkgvgc1.23341ffdpogudx2ed5nu5o6ifg.5fb3dee4 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге оның бокстан WBA, IBO, IBF және WBC interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Елбасы жеделхатта Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өткен.

«Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның – Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін», – делінген құттықтауда.

Қазақстан президенті сондай-ақ Геннадий Головкинге мықты денсаулық және жаңа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі.

Ұқсас жаңалықтар